Жиі қойылатын сұрақтар

Қазақстан Республикасының қолданыстағы зейнетақы заңнамасына сәйкес міндетті зейнетақы жарналарын салымшылар салымшы агентімен (жұмыс берушімен) аудару жолымен төлейді. Бұл ретте "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан бұрын – ЗТМО) аудару арқылы өз пайдасына міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ) мына жеке тұлғалар ғана төлей алады:

- жеке кәсіпкерлер;

- жеке нотариустар;

- жеке сот орындаушылары;

- адвокаттар;

- кәсіби медиаторлар;

-азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар;

- бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер.

Осылайша, егер жеке тұлға жоғарыда аталған адамдар санатына жатпаса, онда МЗЖ есебінен қалыптастырылған жеке зейнетақы шотын өз бетінше толтыру заңнамада көзделмеген.