Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балаларға санаторийлік-курорттық емдеу ұсыну

Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балаларға санаторийлік-курорттық емдеу ұсыну

Мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балаларға санаторийлік-курорттық емдеу мүгедектігі бар адамның абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына (АОЖБ) сәйкес ұсынылады.

Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері:

1.«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;

2.Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, облыстық маңызы бар аудандар мен қалалардың жергілікті атқарушы органдары;

3.Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы – проактивті қызмет;

4.«Электрондық үкімет» веб-порталы – www.egov.kz

Өтінішті қабылдау кезінде мүгедектігі бар адамның жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) бойынша мемлекеттік органдардың цифрлық жүйелеріне мынадай мәліметтерді алу үшін сұрау салулар жіберіледі:

1.Жеке басын куәландыратын құжат туралы;

2.Мүгедектіктің белгіленуі туралы;

3.АОЖБ-да көзделген іс-шаралар туралы.

Өндірістік жарақат немесе кәсіптік ауру салдарынан мүгедектігі белгіленген адамдар өтініш берген кезде қосымша мынадай мәліметтер сұратылады:

1.Мүгедектікке әкеп соққан өндірістегі жазатайым оқиға туралы;

2.Өндірістік жарақат немесе кәсіптік ауру жұмыс берушінің кінәсінен болған жағдайда, жеке кәсіпкер жұмыс берушінің қызметін тоқтатуы немесе заңды тұлғаның таратылуы туралы;

3.Жұмыс берушіні банкрот деп тану туралы заңды күшіне енген сот шешімі туралы.

Санаторийлік-курорттық емдеу Әлеуметтік қызметтер порталы (aleumet.kz) немесе мемлекеттік сатып алу арқылы ұсынылады.

Емдеу шарттары:

·Қызмет күнтізбелік жыл ішінде бір реттен артық емес ұсынылады.

·Емдеу ұзақтығы – 14 тәуліктен аспайды.

·Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

Мүгедектігі бар баланы ертіп жүретін заңды өкілге өтемақы төлеу

Мүгедектігі бар баланы санаторийлік-курорттық емдеуге ертіп жүретін заңды өкілге санаторийлік-курорттық ұйымдағы болу құнының кепілдік берілген сомасының 70 пайызы мөлшерінде өтемақы төленеді.

Санаторийлік-курорттық ұйымға келген кезде ұсынылатын құжаттар:

1.Жеке басын куәландыратын құжат;

2.069/у нысанындағы санаторийлік-курорттық карта;

3.Портал арқылы өнім берушіден алынған төсек-орынның бар екендігін растау туралы хабарлама.

Еріп жүретін адамның құжаттары:

1.Жеке басын куәландыратын құжат;

2.Заңды өкіл мәртебесін растайтын құжат;

3.Тұрғылықты жері бойынша инфекциялық науқастармен байланыста болмағаны туралы эпидемиологтың анықтамасы;

4.Санаторийлік-курорттық емдеуден өту жоспарланған жағдайда, санаторийлік-курорттық карта.