Департаменттегі мемлекеттік қызметшілердің қатары жаңа кадрлармен толықтырылды.

Республика күні мерекесі қарсаңында департаменттегі мемлекеттік қызметшілер қатары жаңа кадрлармен толықты. Салтанатты жиында іріктеуден сәтті өткен жас мамандар мемлекеттік қызметшінің антын қабылдады.
Әрбір мемлекеттік қызметшінің өміріндегі осы ең маңызды оқиғаның Республика күні мерекесімен тұспа-тұс келуі символдық мәнге ие. Жас қызметкерлер үшін бұл қос мереке одан әрі сапалы жұмыс істеуге ынталандырады деген сенімдеміз.