«Аққайын аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК-дағы кеңес

«Аққайын аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК-дағы кеңес

Аққайын ауданындағы кезекті көшпелі отырыста Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласын реттеу және бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің № 2 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің мамандары «СҚО әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» КММ «Аққайын аудандық ауруханасы» ШЖҚКМ мамандарымен кеңес өткізді.

Медициналық-әлеуметтік сараптамаға жолдаудың өзекті мәселелері, тұлғаларды медициналық-әлеуметтік сараптамаға негізсіз жолдау, «Медициналық-әлеуметтік сараптамаға қорытынды» 031/е нысанын сапасыз толтыру, сондай-ақ есту қабілеті бұзылған тұлғаларды МӘС-ке жолдау мәселелері қаралды.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2026 жылғы 11 тамыздағы № 260 бұйрығына толықтырулар енгізілгені туралы ақпарат жеткізілді.

Сондай-ақ емхана дәрігерлерінен келіп түскен барлық сұрақтарға жауаптар берілді.