МӘС әдіснама және бақылау бөлімі

Медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдерінің қызметіне ұйымдастырушылық-әдістемелік басшылықты және бақылауды жүзеге асырады. Құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қарау.

Функциялары: Құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қарау; МӘС бастапқы бөлімдерінің қорытындыларын бақылау тәртібімен тексеруге міндетті; МӘС бастапқы бөлімдерінің қорытындыларына шағым жасаған адамдарға медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізуге міндетті; Күрделі (даулы) жағдайларда МӘС бөлімдерінің мамандарын және емдеу мекемелерінің консультанттарын тарта отырып, қажет болған кезде науқастар мен мүгедектерді куәландыруды жүргізуге міндетті; Мүгедектігі бар адамдардың орталықтандырылған деректер банкінің ААЖ қалыптастыру, мүгедектіктің себептеріне, құрылымына және жай-күйіне мониторинг жүргізу; МӘС бастапқы бөліміне консультациялық көмек көрсету; МӘС мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу.