Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімі

Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы заңнаманың сақталуын өз өкілеттіктері шегінде және қолданыстағы заңнама шеңберінде мемлекеттік бақылау, өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңдарында, Президенті мен Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

Функциялары: Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы заңнаманың сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады; медициналық-әлеуметтік мекемелерде және әлеуметтік қызмет көрсететін басқа да ұйымдарда мүгедектігі бар адамдардың арнаулы әлеуметтік қызметтерді сапалы, толық және уақтылы алуына бақылауды; меншік нысанына қарамастан мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілеріне, мәдени-ойын-сауық ұйымдары мен спорт ғимараттарына қол жеткізуін қамтамасыз ететін субъектілерге/ұйымдарға қатысты мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласында бақылауды жүзеге асырады.