Құрылым

Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімі

Халықты әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.

Толығырақ

Телефон:

8 (7292) 60 57 38

Электрондық пошта:

b.choltanova@enbek.gov.kz

Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімі

Бүгінгі күні Департамент төмендегідей қызмет түрлерін көрсетеді:

- жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау;

- мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау; - мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау;

- мемлекеттік арнайы жәрдемақылар тағайындау;

- арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау; - мүгедек баланы тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қамқоршыға (қорғаншыға) жәрдемақы тағайындау;

- «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналарға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау;

- жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау;

- қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың ҚР азаматтарына ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындау; - Инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма төлемі (әлеуметтік кепілдік);

- көп балалы отбасыларға жәрдемақы тағайындау;

- бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке күтімді жүзеге асыратын адамға жәрдемақы тағайындау.

Жоғарыда аталған мемлекеттік қызметтерді зейнетақы және әлеуметтік қамтамасыз ету бөлімдері жүргізеді.

Зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді тағайындау зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы заңнама нормаларына сәйкес Е-Макет бағдарламалық өнімінде электрондық түрде жүргізіледі.

Толығырақ

Медициналық-әлеуметтік сараптама әдіснамасы және бақылау бөлімі

Мүгедектік топтарының және еңбек ету қабілетінен айрылу дәрежесінің және олардың себептерін белгілеуінің, мүгедектерді оңалтудың, оңалту жеке бағдарламаларының, өзінің еңбек (қызметтік) міндеттерін атқару кезінде жарақат немесе басқа да денсаулық зақымын алған қызметкердің көмектің қосымша түрлеріне және күтімге қажеттілігін анықтау, дұрыстығы мен негізділігіне бақылауды жүзеге асырады.

Бастапқы медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдерінің қорытындыларын шағымданған тұлғалардың медициналық-әлеуметтік сараптамасын өткізу, сонымен қатар бақылау тәртібінде бастапқы медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдерінің қорытындыларын тексеру; бұл қорытындылар негізсіз болған жағдайда, олардың күшін жоюын жүзеге асыру және өз қорытындыларын шығару.

Күрделі (даулы) жағдайларда бастапқы медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдерінің жолдамалары бойынша науқастар мен мүгедектердге консультацияларды  жүзеге асыру.

Толығырақ

Телефон:

30-14-73

№ 1 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімі

"Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және / немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау" мемлекеттік қызметін жүзеге асырады".

Толығырақ

№ 2 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімі

"Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және / немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау" мемлекеттік қызметін жүзеге асырады".

Толығырақ