Жалпы ақпарат

Шәріпбеков Бекболат Жүнісәліұлы
Шәріпбеков Бекболат Жүнісәліұлы

Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы

Департамент туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті халықты әлеуметтік қорғау саласында іске асыру және бақылау функцияларын өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау  комитетінің
аумақтық бөлімшесі болып табылады.

Департаменттің негізгі міндеттері:

1) өз құзыреті шегінде зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру, мүгедектерді әлеуметтік қорғау, медициналық-әлеуметтік сараптама саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

2) өз құзыреті шегінде мүгедектерді әлеуметтік қорғау, арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы заңнаманың сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру.     

Ережені жүктеу

Қызмет бағыты