ҚОЛЖЕТІМДІ ОРТАНЫ БІРГЕ ҚАЛЫПТАСТЫРАМЫЗ

ФОРМИРУЕМ ДОСТУПНУЮ СРЕДУ ВМЕСТЕ

2026 жылғы 2 қазанда Қонаев қаласында Алматы облысы әкімінің орынбасары Қуаныш Бақытұлының қатысуымен әлеуметтік сала мәселелері бойынша үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.

Кеңес отырысында қаралған негізгі мәселелердің бірі – мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді ортаны қалыптастыру.

Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпарат ұсынып, «Халқымен бірге» жоспарының негізгі бағыттарын таныстырды.

Негізгі назар аударылған мәселелер:

- мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілеріне кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз ету;

- объектілерді бейімдеу жұмыстарының сапасын арттыру;

- азаматтардың әлеуметтік құқықтарын сақтау;

- мемлекеттік бақылаудың тиімділігін күшейту;

- анықталған бұзушылықтарды уақтылы жою.

Отырыс қорытындысы бойынша мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын күшейтуге және облыстың барлық тұрғындары үшін жайлы, қауіпсіз әрі қолжетімді орта қалыптастыруға бағытталған алдағы міндеттер айқындалды.

Қолжетімді орта – бұл тек инфрақұрылым ғана емес. Бұл – әрбір адамға тең мүмкіндік беру және оның құқықтарын құрметтеу.