Қарасай аудандық ауруханасының дәрігерлеріне «Сырттай проактивті куәландыру ( қайта куәландыру) жүргізілетін нозологиялық нысандарға түсіндіру жүргізілді»

Қарасай аудандық ауруханасының дәрігерлеріне «Сырттай проактивті куәландыру ( қайта куәландыру) жүргізілетін нозологиялық нысандарға түсіндіру жүргізілді»

Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің медициналық-әлеуметтік сараптаманың әдіснама және бақылау бөлімі Қарасай аудандық ауруханасының дәрігерлерімен семинар-кеңес өткізді.

Кездесу барысында 2026 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша азаматтарды медициналық-әлеуметтік сараптамаға (МӘС) № 031/у нысаны бойынша негізсіз жолдау мәселелері қаралды.

Сонымен қатар нозологиялар бойынша статистикалық деректерге, мүгедектік тобын белгілеу көрсеткіштеріне, сондай-ақ абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасын (АОЖБ) әзірлеу мәселелеріне талдау жүргізілді.

Семинар барысында азаматтарды сырттай проактивті куәландыруға жолдау кезінде № 031/у нысанын сапалы әрі белгіленген талаптарға сәйкес толтыру мәселесіне ерекше назар аударылды. Дәрігерлердің сұрақтарына тиісті түсіндірмелер берілді.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 260 бұйрығымен бекітілген медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар түсіндірілді.

Кездесу қорытындысы бойынша медициналық ұйымдардың жауапты мамандарына азаматтарды МӘС-ке жолдау сапасын арттыру, медициналық құжаттаманы белгіленген талаптарға сәйкес ресімдеу және қолданыстағы нормативтік талаптарды сақтау бойынша тиісті ұсынымдар берілді.