Жиі қойылатын сұрақтар
Әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау — мемлекеттік органдардың жеке және заңды тұлғалардың халықты әлеуметтік қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауын тексеру жөніндегі қызметі.
Мемлекеттік бақылаудың негізгі ережелері Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 21-тарауында белгіленген.
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 209 бабының2 тармағына сәйкес еңбек өтілі еңбек кітапшасымен расталады, ал еңбек кітапшасы немесе онда тиісті жазбалар болмаған кезде жұмысы туралы мәліметтерді растайтын құжаттар не соттың шешімі негізінде белгіленеді.
Еңбек кітапшасы жоғалған немесе жарамсыз деп танылған жағдайда еңбек өтілі архив мекемелерінің анықтамаларымен, жұмыс берушінің мұрағаттық құжаттарымен және еңбек қызметін растайтын өзге де ресми құжаттармен дәлелденуі мүмкін.
Егер еңбек өтілін растайтын құжаттарды өзге тәртіппен алу мүмкін болмаса, Қазақстан Республикасының Азаматтық процесстік кодексінің 306 бабына сәйкес, сот заңдық маңызды бар фактіні анықтайды.
Иә. Азаматтың мүддесін заңды өкілі немесе тиісті өкілеттігін растайтын құжаттары бар өкіл белгіленген тәртіппен білдіре алады.
Қате анықталған жағдайда азамат МӘС жүргізген аумақтық бөлімшеге жүгінуі қажет. Құжаттар мен ақпараттық жүйедегі мәліметтер белгіленген тәртіппен тексеріліп, негіз болған жағдайда тиісті түзетулер енгізіледі.
МӘС нәтижелері тиісті ақпараттық жүйелерге енгізіледі және мемлекеттік электрондық сервистер арқылы қолжетімді болуы мүмкін.
МӘС нәтижесі бойынша мүгедектік белгіленген жағдайда мүгедектік туралы анықтама белгіленген тәртіппен электрондық түрде қалыптастырылады.
МӘС нәтижесінде мүгедектігі бар адамға медициналық, әлеуметтік және кәсіптік оңалту шараларын қамтитын жеке оңалту бағдарламасы әзірленеді.
Иә. Қағидаларда белгіленген жағдайларда МӘС сырттай, сондай-ақ медициналық ұйымның қорытындысы негізінде үйде жүргізілуі мүмкін.
Денсаулық жағдайы өзгерген, организм функцияларының бұзылуы күшейген немесе оңалту іс-шараларының нәтижесінде жағдай өзгерген кезде, тиісті медициналық негіздер болған жағдайда мерзімінен бұрын қайта куәландыру жүргізілуі мүмкін.
Қайта куәландыру мүгедектік белгіленген мерзімге байланысты жүргізіледі. Қайта куәландыру күні азаматқа берілетін құжаттарда көрсетіледі.