Өзін-өзі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысы

Өзін-өзі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысы

2024 жылдың 27 қарашасында Теміртау қаласындағы Жастар үйінде халықпен кездесу өтті.
Тақырыбы: Өзін-өзі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысы.
Кездесуге қатысқандар:
• «Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ басшысының орынбасары Т.Қ. Мұхтар;
• «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ директорының орынбасары Д.И. Қошқаралиев;
• “Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті” РММ №2 МӘС бөлімінің бас маманы И.П. Журбило.
Кездесуде халықтың осал топтарына, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған жұмысқа орналасу және қайта оқыту мүмкіндіктері туралы ақпарат берілді. Әсіресе, IT технологиялар сияқты сұранысқа ие салаларға ерекше назар аударылды. Азаматтарды оқыту және қайта оқыту кәсіби колледждердің базасында өткізіледі, кейін оларды жұмысқа орналастыру және жалақыны кепілдендірілген түрде төлеу қарастырылған.
Сондай-ақ, шағын бизнесті дамыту үшін жеңілдетілген несиелендіру мүмкіндіктері туралы презентация ұсынылды.
Спикерлердің баяндамаларынан кейін кездесу «сұрақ-жауап» форматында жалғасты. Қатысушылар мемлекеттік органдар өкілдерінен өздерін қызықтырған барлық сұрақтарға жауап алды.

Байланысты материалдар: