№ 2 Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімі
. Бала тууына байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақыны; бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны; мүгедек баланы тәрбиелеп отырған адамға ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны; 1-топтағы мүгедекке күтімді жүзеге асыратын адамға арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны; зейнетақы немесе жәрдемақы алушы қайтыс болған жағдайда жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау (тағайындаудан бас тарту туралы, төлемнің мөлшерін өзгерту, арттыру туралы, төлемді тоқтата тұру, қайта бастау, тоқтату туралы) ; қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдер; саяси қуғын-сүргін құрбандарына, сондай-ақ Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға біржолғы ақшалай өтемақылар; субсидиялауға жататын міндетті зейнетақы жарналарын аудару; инфляция деңгейін ескере отырып, міндетті зейнетақы жарналарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма төлемі. Өз өкілеттігі шегінде зейнетақымен қамсыздандыру, мүгедектерді әлеуметтік қорғау, Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнаманың сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады. Өз өкілеттігі шегінде республикалық бюджет қаражатынан зейнетақы және әлеуметтік төлемдердің, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің уақтылы және толық төленуіне бақылауды жүзеге асырады.