Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімі

Деректер базасын қалыптастырады және ақпарат жинайды (оның ішінде автоматтандырылған ақпараттық жүйелер арқылы), Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзатын тексерілетін субъектілерді анықтау үшін талдау жүргізеді. Тиісті кезеңге тәуекел дәрежесінің ең жоғары көрсеткіші бар басымдықты ескере отырып, бақылау субъектісіне барумен профилактикалық бақылау тізімдерін қалыптастырады. Тексеру барысында анықталған бұзушылықтарға мониторинг жүргізеді. Тексеру нәтижелері және анықталған бұзушылықтар туралы есептілікті жүргізеді. Тексеру субъектілерінің тексерулерін, тексерулерді тағайындау туралы актілерді, тексеру және оның нәтижелері туралы есепке алу құжаттарын уақтылы тіркеуді және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтарды есепке алуды жүзеге асырады.