Департамент ұжымы Мемлекет басшысының Жолдауын тікелей эфирде тыңдады

Департамент ұжымы Мемлекет басшысының Жолдауын тікелей эфирде тыңдады

2026 жылғы 28 қазанда Департамент ұжымы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауын тікелей эфирде тыңдады.

Мемлекет басшысы өз сөзінде әлеуметтік көмектің шын мәнінде мұқтаж азаматтарға көрсетілуі қажеттігін атап өтіп, халықтың тұрмыс сапасы мен әл-ауқатын арттыру мәселелеріне ерекше назар аударды.

Президент әлеуметтік саладағы реформаларды жүзеге асыру кезінде азаматтардың жағдайын жан-жақты ескеру, жаңа тәсілдер мен ақпараттық жүйелерді алдын ала сынақтан өткізу және олардың тиімділігін қамтамасыз ету маңызды екенін жеткізді.

Департамент ұжымы үшін Мемлекет басшысы көтерген мәселелер, атап айтқанда, азаматтардың әлеуметтік құқықтарын қорғау, мемлекеттік қолдаудың әділ әрі тиімді көрсетілуін қамтамасыз ету және халыққа қызмет көрсету сапасын арттыру ерекше маңызға ие.

Жолдауды тыңдау барысында қызметкерлер әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттарымен танысып, алдағы міндеттерді іске асырудың маңыздылығына назар аударды.