Құрылым

Жоспарлау және жедел басқару орталығы (басқару құқығында)

Мақсаты: табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың (бұдан әрі - ТЖ) қаупі немесе орын алған және халықтың тыныс-тіршілік жағдайы бұзылғаны туралы хабарламалады қабылдау;

ТЖ қаупі немесе орын алуына жедел ден қою;

Төтенше жағдай қауіпі туындауы туралы немесе орын алған жағдайда ақпаратты жинақтайыды;

Департамент басшылығына, жергілікті атқарушы органдарына және ДЖБО үшін ТЖ туралы, оларды жою бойынша ақпараттық материалдарды белгіленген тәртіппен дайындау, құлақтандыру;

байланыс және құлақтандыру каналдарының жұмыс тұрақтылығына бақылау,ТЖ қаупі және  орын алғаны туралы уақытылы құалақтандыру, «Арал » Республикалық құлақтандыру жүйесі бойынша дабылдарды қабылдау және уақытылы жіберу.

 

Толығырақ

Телефон:

220460

Электрондық пошта:

edds_dchs_almob@emer.kz

Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы

Табиғи және техногендік төтенше жағдайларды алдын алу  саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру, азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің жұмыс істеуі мен одан әрі дамуын
қамтамасыз ету;

өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекетітк бақылауды жүзеге асыру;

азаматтық қорғау саласында салаларалық үйлестіруді және
іс-шаралар әзірлеуді жүзеге асыру.

 

Толығырақ

Электрондық пошта:

gpk_dchs_almob@emer.kz

Азаматтық қорғаныс басқармасы

Міндеттері:

1) өз құзыреті шегінде азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға, бейбіт және соғыс уақытына азаматтық қорғаныс іс-шараларын жоспарлау;

2) өз құзыреті шегінде азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің жұмыс істеуін және одан әрі дамуын ұйымдастыруға қатысу;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру.

Толығырақ

Электрондық пошта:

go_dchs_almob@emer.kz

Төтенше жағдайлардың жою басқармасы

Міндеттері:

1) төтенше жағдайларды жою бөлігінде азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру;

2) авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу.

Толығырақ

Төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасы

Міндеті: табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру, төтенше жағдайлардың алдын алу мен жоюдың мемлекеттік жүйесінің жұмыс істеуін және одан әрі дамуын қамтамасыз ету.

Толығырақ

Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасы

Міндеттері:

1.Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу.

2. Сала аралық бақылау және қадағалау бөлімінің және газбен жабдықтау жүйелерінің объектілерін, қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды және магистральдық құбырларды мемлекеттік бақылау және қадағалау бөлімінің қызметін үйлестіру.

3.Қауіпті өндірістік объектілердегі авариялар,инциденттер кезінде туындайтын қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінің алдын алу.

4.Тексеру іс-шараларын жүргізу арқылы өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалауды қамтамасыз ету.

Толығырақ

Кадр және тәрбие жұмысы басқармасы

Міндеттері: мемлекеттік кадр саясатының құрамдас бөлігі ретінде Департаментте бірыңғай кадрлар саясатын жүзеге асыру.

Департаменттің құрылымдық  бөлімшелерінің кадрларымен жұмысты зерделеу және талдау, оларға әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсету.

Департаментте бірыңғай штаттық-ұйымдастырушылық саясатын орындау.

Толығырақ

Телефон:

877228392

Электрондық пошта:

ok_dchs_almob@emer.kz

Қаржымен қамтамасыз ету басқармасы

Міндеті:

1) Департаменттің  қаржыны жоспарлауды, есепті, қаржыландыруды және есептілік құруды (кезеңдік және жылдық) ұйымдастыруы.

2) Департаменттің қаржыландыру жоспарымен көзделген бюджет қаражаттарын тиімді және мақсатты пайдалану.

3)  Бюджет қаражаттарының заңнамалық және өзге  де нормативтік және құқықтық актілерге сәйкес жұмсалуын қамтамасыз ету

4) Департаменттің  алдына қойылған проблемалар мен міндеттерді шешу үшін қосымша бюджет қаражаттарын бөлуге есептер мен негіздемелерді Қазақстан Республикасы ІТөтенше жағдайлар Министрлігіне (бұдан әрі – Министрлігі) және жергілікті атқару органдарына дайындау және ұсыну.

Толығырақ

Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру басқармасы

Міндеттері:

  • азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

2) өртті сөндіруді ұйымдастыру;

3) өрттерді сөндіру және олармен байланысты авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу;

4) өрт сөндіру бөлімшелерінде қызмет өткеретін азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерін тактикалық-арнайы даярлауды және тағылымдамадан өткізуді ұйымдастыру;

5) ден қоюға әзірлікті арттыру жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және өрттерді сөндіру бойынша ұсынымдарды әзірлеу;

6) өрттерді зерделеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және орындау;

7 ) өрт сөндіру бөлімшелерінде жедел-қызметтік қызметті ұйымдастыру;

8) көрші облыстардың мемлекеттік өртке қарсы қызметтерімен белгіленген тәртіппен өзара іс-қимылды ұйымдастыру;

9) авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу мәселелері бойынша нормативтік құжаттарды әзірлеуге қатысу.

10) қызметтік Автокөліктегі жол-көлік оқиғаларының профилактикасы, автокөлік құралдарын қауіпсіз пайдалануды ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

11) өрт сөндіру бөлімшелерінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру;

12) мемлекеттік сатып алудың жыл сайынғы бюджеттік өтінімін қалыптастыру үшін өрт сөндіру бөлімшелерін материалдық-техникалық жарақтандыру, өрт сөндіру депосының ғимараттарын салу және күрделі жөндеу жүргізу жөніндегі қажеттілікті айқындау.

 

 

 

 

 

 

 

Толығырақ

Электрондық пошта:

Oper_otdel@almob.emer.kz

Қонаев қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы

Басқарма міндеттері:

1) азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

2) тиісті аумақта азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесі аумақтық кіші жүйелерінің жұмыс істеуі мен одан әрі дамуын қамтамасыз ету;

3) өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

4) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру. 

Толығырақ