«Солнышко» бөбекжай»  КМҚК

Ақпараттық анықтама

Қарағанды облысы білім басқармасының Абай ауданы білім бөлімінің «Солнышко» бөбекжай»  КМҚК

 

 

Кәсіпорынның атауы:

мемлекеттік (қазақ) тілде: Қарағанды облысы білім басқармасының Абай ауданы білім бөлімінің «Солнышко» бөбекжай» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны;

орыс тілінде: Коммунальное государственное казённое  предприятие «Ясли-сад «Солнышко» отдела образования Абайского района управления образования  Карагандинской области.

Директоры: Цай Айгүл Анатольевна.

Ғимараттың салынған жылы -  1964 жыл.

Алып жатқан жер аумағы - 1828,8 ш. м.

          Бөбекжайда 6 топ жұмыс істейді, оның ішінде: 1 – мемлекеттік тілде оқыту және тәрбиелеу тобы; 5-орыс тілінде оқыту және тәрбиелеу тобы. Онда 147 бала тәрбиеленуде.

           Барлығы 41 адам жұмыс істейді, оның ішінде педагогтар - 18. Жоғары білімді – 12 педагог, арнаулы орта білімді – 6 педагог. Жоғары біліктілік санатты - 4 педагог, бірінші санатты - 4, екінші санатты – 2, санатсыз – 8 педагог. Бір педагогтың  магистр дәрежесі бар. Бөбекжайда қазақ және орыс тілдері оқытылады. 

           Қызмет бағыты: Азаматтық ұстанымды, патриоттық сезімді және Қазақстанның өткеніне, бүгіні мен болашағына деген сүйіспеншілікті қалыптастыру арқылы, дәстүрлер, әдет-ғұрыптар мен фольклор негізінде тәрбиеленушілердің сөйлеу мәдениетін дамыту.

Балабақша облыстық 2 жобаға қатысуда:

1.«Әжемнің ертегісі»;

2.«Алғашқы ұстаз – ата-ана».

            Балабақшада   музыкалық зал, спортзал, медициналық кабинет, қазақ тілі, психолог, логопедтің кабинеттері, бейнелеу студиясы бар.

Жарияланған күні

24 қараша 2021

Жаңарту күні

24 қараша 2021