Жалпы ақпарат
Бөлім туралы
Қарағанды облысы білім басқармасының «Абай ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі Абай ауданының аумағында білім саласына басшылық пен үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Мемлекеттік мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.