«№ 1 қосымша білім беру мектеп-орталығы» КММ

Қарағанды облысы білім басқармасы Абай ауданының білім бөлімінің

«№ 1 қосымша білім беру мектеп-орталығы» КММ

ақпараттық анықтамасы

 

Мектеп директоры:   Юсупова Бижамал Туяковна

 

Байланыс телефоны: 8-72131-4-2526

Мекен-жайы: 100101, Қарағанды облысы, Абай ауданы, Абай ауданы, Гагарин көшесі, 1 құрылыс

Электрондық  поштасы: abschool1@mail.ru

 

Ғимараттың салынған жылы – 1963 жыл.

Алып жатқан көлемі – 3910,8  шаршы метр.

        2020-2021 оқу жылында мектепте 718 оқушы білім алуда. Оқыту қазақ тілінде – 385, орыс тілінде оқыту – 333. Барлық сыныптар саны – 35, мектепалды  - 1, оқыту қазақ тілінде – 17 сынып, оқыту орыс тілінде – 17 сынып.

         Мектепте 67 педагог жұмыс жасауда, оның ішінде 4 магистр дәрежесінде, «педагог-шебер»-1, «педагог-зерттеуші» - 11 педагог, «педагог-сарапшы» - 12 педагог,  «педагог – модератор» -13,  жоғары біліктілік санаты бар мұғалімдер -2, бірінші санатпен – 1, екінші санатпен – 13.

          Мектеп келесі инновациялық жобаларға қатысады:

1) Қарағанды облысында үштілді білім беруді енгізу және іске асыру жоспары аясында үштілді білім беруді енгізу;

2) Облыстық әлеуметтік-педагогикалық «Зейін " жобасы;

3) Облыстық «Өнегелі өмір» жобасы;

4) Облыстық ««Бірге оқимыз» жобасы;

5) Облыстық «Бір отбасы – бір кітап» жобасы;

6) Облыстық «Робототехника» жобасы;

7) Облыстық "Білімал. Педагог қызметкерлерді электрондық аттестаттау» жобасы;

8) Облыстық «Туған өлке саңлақтары» жобасы

9) Облыстық «Мектеп қауіпсіздігі командасы " жобасы

10) Республикалық «Оқуға құштар мектеп» жобасы

11) Мектепшілік «Край, в котором я расту» жобасы

12) Мектепшілік «Чтение в радость» жобасы

       Мектепте қосымша білім беру "3D-графика және 3D-модельдеу", "Робототехника" үйірмелері бар.

Мектеп инклюзивті білім беруді дамыту бойынша стажерлік алаңы болып табылады. Психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету  қызметі келесі құрамда жұмыс атқарады: психолог, логопед, дефектолог.

Мектепте жаңа модификациялы пәндік кабинеттері бар: биология, физика, математика, химия, компьютерлік, мультимедиялық кабинеттер және қосымша білім беру кабинеттері "3D-графика және 3D-модельдеу", "Робототехника". Мектеп кең жолақты интернетке қосылған. Cheery NET қосылу жылдамдығы 50 Мбит/сек дейін.

Мектептің компьютерлік паркі 172 бірлікті құрайды. 1 компьютерге 4 оқушыдан келеді.

2020 жылы мектепте "Робототехника" зертханасы жабдықталды, жұмыс станциялары, "Лего" конструкторлары, оқу-әдістемелік материалдары сатып алынды.

2016 жылы қосымша білім беру кабинеттері ашылды, олар компьютерлермен, 3Д принтерімен, "Ардуино" микроконтроллері негізінде білім беру конструкторларымен, "Знаток" конструкторларымен, ноутбуктермен жабдықталған

2020 жылы 9 - сыныпты 44 оқушы аяқтады , 2 – үздік аттестат иегерлері, 19 – колледжге, 16-мемлекеттік тапсырыс бойынша оқуға түсті. 11 сыныпты 15 түлек бітірді. Жоғары оқу орындарына 10 түлек түсті, оның 8-і грантқа.

 2018-2019 жылдары мектепке күрделі жөндеу жүргізілді.

Жарияланған күні

24 қараша 2021

Жаңарту күні

24 қараша 2021