Бүгін 27. 10 күні «Сарыарқа дарыны» балаларға қосымша білім беру ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен Абай аудандық білім беру ұйымдарында № 5МГ, №14 МЛ, №10 МГ республикалық «Лингвистикалық олимпиаданың» аудандық кезеңі болып өтті.
Жарияланған күні: 27 қазан 2021
Жаңарту күні: 27 қазан 2021
Олимпиаданың негізгі мақсаты: оқушылардың «Қолданбалы филология» пәнін оқуға қызығушылығын ынталандыру, жалпы білім беруде ой-өрісін дамыту, ғылыми білімді насихаттау, линвистикадан халықаралық олимпиадаға қатысу үшін олимпиада резервін құру.
Олимпиада тапсырмаларын қабылдап алып, санитарлық талаптарды сақтай отырып, оқушыларға тапсырмалар таратылды. Мектептерде әділ-қазылар мүшесі тағайындалды. Тапсырмалар ежелгі және сирек кездесетін тілдер туралы логикалық тұрғыда болды.