2023 жылғы 20 қаңтарда республикалық жасөспірімдер олимпиадасы ның аудандық кезеңі Абай ауданында өткізілді
Жарияланған күні: 25 қаңтар 2023
Жаңарту күні: 25 қаңтар 2023
Көру саны:6
2023 жылғы 20 қаңтарда республикалық жасөспірімдер олимпиадасы ның аудандық кезеңі Абай ауданында өткізілді. Олимпиада Қ.Сәтпаев атындағы ҚББМО базасында 7-8 сыныптар аралығында 12 пәннен өтті. Оқушылар жаратылыстану–математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттар бойынша тест тапсырмасын орындады.
Қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, оқыту тілі орыс сыныбындағы қазақ тілі, оқыту тілі қазақ сыныбындағы орыс тілі, ағылшын тілі, Қазақстан тарихы, математика, информатика, физика, биология, химия, география пәндері бойынша білімдерімен сынасты. Жалпы аудан бойынша 215 бала қатысты. Қазылар алқасының шешімі бойынша 1 орын -9, 2 орын-6, 3 орын-5 оқушы алды.
Жарияланған күні
25 қаңтар 2023
Жаңарту күні
25 қаңтар 2023