Қоғамдық денсаулық сақтау

Қоғамдық денсаулық сақтау

Қоғамдық денсаулық бұл өмір сапасы мен қауіпсіздігінің оңтайлы деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін қоршаған орта мен халықтың өмір сүру салтының түрлі факторларының әсеріне негізделген елдің маңызды экономикалық және әлеуметтік әлеуеті.

Қызметтің сипаты бойынша қоғамдық денсаулық бұл сауығатын әсерді, сондай-ақ әлеуметтік факторлар мен жағдайлардың халықтың және оның топтарының денсаулығына қолайсыз әсерін зерттеу және қоғамдық денсаулық деңгейін арттыру және сақтау мүддесінде адамдардың денсаулығына зиянды әлеуметтік жағдайлар мен факторлардың әсерін жою және алдын алу бойынша ғылыми негізделген ұсынымдар әзірлеу.

Қоғамдық денсаулық жағдайы ұлттық қауіпсіздіктің маңызды факторлардың біріАдам әлеуетінің физикалық және психикалық денсаулығы елдің жоғары экономикалық дамуы мен саяси тұрақтылығының көзі болады

Жаңалықтар

Барлық жаңалық

Жиі қойылатын сұрақтар

Барлығын көру

"Жоспарлы профилактикалық екпелерді және ұжымдық иммунитеттің шекті деңгейін алмаған балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-289/2020 бұйрығына сәйкес жоспарлы профилактикалық екпелер алмаған балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу олардың топтардағы үлесі 10%-дан аспайтын болған кезде ғана жүзеге асырылады.