"Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы" ШЖҚ РМК

Тарихы:

Республикалық деңгейде медициналық авиация нысанын дағы медициналық көмекті Қазақстан халқына 2011 жылғы сәуірден бастап «Республикалық шұғыл медициналық көмек ғылыми орталығы» АҚ құрамында болған Республикалық санитариялық авиацияның үйлестіру орталығы ұсынады.

Қазақстан РеспубликасыҮкіметінің 2012 жылғы 28 желтоқсандағы № 1724 қаулысын егізінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Республикалық санитариялық авиация орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын құру.

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қарамағындағы кейбір республикалық мемлекеттік кәсіпорындарды қайта ұйымдастыру және қайта атау туралы» Қазақстан РеспубликасыҮкіметінің 2019 жылғы 24 қаңтардағы № 12 қаулысымен Республикалық санитариялық авиация орталығы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны болып қайтааталды.::

Қызмет түрлері:

ҰШМҮО мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады (Жарғыға сәйкес):

1)  Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандарға санитариялық авиация мобильдік бригадаларының шұғыл білікті, мамандандырылған, жоғары технологиялық және консультациялық-диагностикалық (телемедицинаны қоса алғанда) медициналық көмек түріндегі медициналық көмегі;

2)  Пациентті (терді) жеткізу, бетпе-бет консультация жүргізу және (немесе) орнында операция жасау мақсатында білікті маманды (дарды) (сонда/кері) жеткізу, ағзалар (ағзалардың бөлігін) мен тіндерді алу бойынша білікті мамандарды жеткізу (сонда/кері), сондай-ақ кейіннен транспланттау үшін ағзалар (ағзалардың бөліктерін) және тіндерді, биоматериалдарды жеткізу;

3)  уәкілетті органның хатына сәйкес шетелдік медициналық ұйымдарда ауыр халде жатқан, медициналық алып жүруді қажет ететін және жай-күйі Азаматтық авиацияның тұрақты рейстерін жерүсті көлігімен және әуе кемесімен тасымалдауға мүмкіндік бермейтін Қазақстан Республикасының азаматтарын Қазақстан Республикасының медициналық ұйымдарына тасымалдау;

4)  тиісті саланың уәкілетті органының тапсырмасы бойынша жедел медициналық жәрдем, санитариялық авиация қызметтері мен шұғыл медициналық көмек көрсететін стационарлардың қабылдау бөлімшелері үйлестірушісінің функцияларын жүзеге асыру;

5) Қазақстан Республикасының аумағында жол-көлік оқиғалары мен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою жөніндегі медициналық-санитариялық және эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу кезінде ішкі істер органдарының және Апаттар медицинасы орталығының бөлімшелерімен өзара іс-қимылды ұйымдастыруды жүзеге асыру;

6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға шұғыл және кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсету;

7) Қазақстан Республикасы өңірлерінің денсаулық сақтау ұйымдарына ұйымдастырушылық-әдістемелік және практикалық көмек көрсету;

8) Қазақстан Республикасы халқының денсаулығын сақтау бағдарламаларын орындауға қатысу;

9) денсаулық сақтау саласында республикалық, халықаралық ғылыми форумдарды, конференцияларды, съездерді, семинарларды ұйымдастыруға және өткізуге қатысу;

10) Оқыту-тренингтік орталығында жедел және кезек күттірмейтін көмек көрсетудің халықаралық стандарттары бойынша оқытуды жүргізу;

11) монографиялар, ғылыми еңбек жинақтары, әдістемелік құралдар,  кәсіпорын қызметінің бейініне ұсынымдар басылымдарын ғылыми-ақпараттық қамтамасыз ету;

12) қосымша білім беру, оның ішінде біліктілікті арттыру және қайта даярлау түріндегі  бағдарламаларды іске асыруды жүзеге асыру, сондай-ақ Кәсіпорын қызметінің негізгі бейіні бойынша шеберлік-кластарын, семинарлар мен тренингтерді өткізу;

13) Қазақстан Республикасына 2021  жылғы 1 маусысымға дейінгімерзімде авиациялық қызмет кқрсетушілермен жүкті авиациялық тасымалдау сатып алуға жасалған шарттар шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды жеткізу.

 Даму стратегиясы:

ҰШМҮО дамуындағы басты стратегиялық бағыттар Қазақстан Республикасының жедел медициналық жәрдем қызметі мен медициналық авиация жүйесін жетілдіру болып анықталды.

2020-24 жылдарға бекітілген ҰШМҮО даму стратегиясына сәйкес:

ҰШМҮО миссиясы айқындалды: ауыл тұрғындары үшін оның қолжетімділігін жақсарту арқылы медициналық көмек көрсету.

ҰШМҮО көрінісі:

Тұрақты даму, пациенттердің сапасы мен қауіпсіздігін арттыру және ұлттық және халықаралық стандарттарды енгізу қағидаттарына негізделген медициналық көмек көрсетудің пациентке бағдарланған жүйесі бар санитариялық авиацияның тиімді және сенімді қызметі.

ҰШМҮО Қазақстан Республикасында халықтың өлімі мен мүгедектігін азайту үшін әуе көлігін пайдалана отырып, шұғыл медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін жақсарту мақсатында құрылды.

ҰШМҮО - да шешілетін міндеттер:

* Әуе көлігін (медициналық авиацияны)пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының халқына шұғыл медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру;

* Медициналық авиацияның өңірлік бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру және үйлестіру;

* ХалықаралықстандарттарнегізіндеҚазақстанРеспубликасындашұғылмедицинаныдамыту;

* ҚазақстанРеспубликасындажеделмедициналықкөмекқызметінүйлестіру.

ҰШМҮО бекітілген даму стратегиясынасәйкеснегізгістратегиялықбағыттар:

1-стратегиялық бағыт. Медициналық авиация қызметіндамытужәнежетілдіру.

2-стратегиялық бағыт. Жеделмедициналықкөмеккөрсетудіжетілдіру.

3-стратегиялық бағыт. Ургенттіктелемедицинаныүйлестіру;

4-стратегиялық бағыт. Шұғыл және кезек күтірмейтін медициналық көмек стационарларын форматын одан әрі енгізу.

Ұйымның веб-сайтына сілтеме: https://emcrk.kz/kz/