"Академик Н.Ж. Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығы" ШЖҚ РМК

 

Жоғары зияткерлік және материалдық әлеует, мақсатты тиімді еңбек, әрбір қызметкердің жетілдіру мен кәсіби өсуге ұмтылуы халыққа ортопедиялық-травматологиялық көмек көрсету деңгейін арттыру міндетін табысты шешуге мүмкіндік береді.

Институтта үздік, озық, инновациялық технологиялар қолданылады, соның ішінде: эндопротездеу және ірі буындардың емдік-диагностикалық артроскопиясы, аяқ-қол сынған кездегі остеосинтездің жабық аз инвазивті технологиялары, омыртқаны хирургиялық түзету мен бекітудің заманауи жүйелері және т.б.

ТОҒЗИ-да жұмыс істеген барлық кезең ішінде жарақаттармен және тірек-қимыл жүйесі ауруларымен ауыратын 130 мыңға жуық науқас жоғары мамандандырылған және мамандандырылған медициналық көмек алды.

Қазіргі уақытта ҒЗТКЖ негізгі үш бағыт бойынша жұмыс істейді: ғылыми-зерттеу, емдеу және білім беру.

Институт ұжымы "Денсаулық" денсаулық сақтауды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға қатысады, жылдан жылға ғылыми зерттеулер мен клиникалық қызметтің көлемін арттыруда. Институт қарқынды дамып келеді: материалдық-техникалық база нығаюда, заманауи технологиялар енгізілуде, сондай-ақ жақын және алыс шетелдердің клиникаларымен және ғылыми орталықтарымен байланыс кеңеюде.

Тарихы:

ҚР Үкіметінің2001 жылғы 9 ақпандағы № 215 қаулысымен Астана қаласындаҚазақстанРеспубликасыДенсаулықсақтауминистрлігінің Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты (ТОҒЗИ) ашылды, директоры болып медицина ғылымдарыныңдокторы, профессор, ҚР МҒА корреспондент-мүшесі - БатпеновНұрланЖұмағұлұлытағайындалды.ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 939 қаулысымен  Денсаулық сақтау министрлігінің «Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнынаАкадемик Н.Ж. Батпеновтің есімі берілді және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Академик Н.Ж. Батпенов атындағы  Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны болып қайта аталды.

Қызмет түрлері:

Медициналық, Фармацевтикалық,Білім беру  

Даму стратегиясы: 2022-2026 жылдарға арналған стратегиялық жоспар 2021 жылғы 14 желтоқсандағы   Байқау кеңесінде бекітілген (№6 хаттама) (қосымшада)

Ұйымның веб-сайтына сілтеме: https://nscto.kz/about-us/