Цифрландыру департаменті
Цифрландыру департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
Департамент:
1) цифрлық технологиялар басқармасынан;
2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді цифрландыру басқармасынан;
3) Деректерді талдау және жасанды интеллект басқармасынан тұрады.
4. Департаменттің негізгі міндеттері
1) Министрлікте Денсаулық сақтау саласындағы цифрландыруды ұйымдастыру және басқару.
2) телемедицинаның жұмыс істеуін ұйымдастыру және қамтамасыз ету:
3) денсаулық сақтау саласындағы ақпараттандыру саясатын айқындау жатады.