Құрылым
Медициналық қызметті бақылау бөлімі
Медициналық қызметті бақылау бөлімі – өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Заңдарына, Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрықтарына және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырады.
Бөлімнің негізгі міндеттері мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру, салааралық үйлестіруді және мемлекеттік үйлестіруді жүзеге асыру, медициналық қызметтердің сапасын бақылау мәселелері бойынша реттеу, іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыру болып табылады.
Бөлім келесі функцияларды жүзеге асырады:
- Денсаулық сақтау саласында медициналық қызметтер көрсету саласында мемлекеттік саясатты іске асыру;
- медициналық көмек көрсету сапасы мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, талдау және мониторингтеу Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің 144-бабы 3-тармағының негіздері бойынша жоспардан тыс тексерулер ұйымдастыру және жүргізу.
Бөлім басшысы:
Уканова Томирис ДәулетқызыМедициналық қызметті сертификаттау және лицензиялау бөлімі
Медициналық және фармацевтикалық комитетінің Астана қаласы бойынша Департаменті төрт мемлекеттік қызметтер көрсетеді.
- Клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификатын беру;
- шетелдік маманға клиникалық практикаға жіберу үшін сертификат беру;
- Медициналық қызметке лицензия беру;
- Туыстық емес трансплантаттауды жүргізу мақсатында адамның биологиялық материалдарының үлгілерін, гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін, донорлық лимфоциттерді, жыныстық жасушалар мен эмбриондарды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге қорытындылар (рұқсат беру құжаттарын) беру;
- Мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетуге рұқсат беру.
- Халықпен сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер: Клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификатын беру және Медициналық қызметке лицензия беру.
Фармацевтикалық инспекторат және фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтер бөлімі
- Фармацевтикалық инспекторат және фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бөлімі (бұдан әрі - Бөлім ) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің департаментінің (бұдан әрі - Департамент) құрылымдық бөлімі болып табылады.
- Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
- Бөлімнің құрылымы мен штаттық санын Комитет төрағасы бекіткен құрылым мен штаттық кесте негізінде Департамент басшысы бекітеді.
Бөлім басшысы:
Нусуров Динмухамед ЕрмековичФармацевтикалық қызметті бақылау бөлімі
- Фармацевтикалық қызметті бақылау бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті (бұдан әрі – Департамент) республикалық мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
- Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
- Бөлімнің құрылымы мен штат саны лимиті шегінде Комитет Төрағасымен бекітілген құрылым мен штат санының негізінде Департамент басшысымен бекітіледі.
Бөлім басшысы:
Калмуратова Улжан МухтаровнаТелефон:
87172-57-63-36