Онлайн қабылдау
Электрондық өтініштер
Осы сервистің көмегімен кез келген мемлекеттік органға өтініш жазуға болады. Жүйе Сіздің өтінішіңіздің мекен жайға жетуіне 100% кепілдік береді және оны жіберу кезеңінен бастап жауапты алуға дейін өтінішті қарау мәртебесін қадағалауға мүмкіндік береді.
Сұрақ-жауап
Қабылдауға жазылу
Халықпен кері байланыс орнату, анықталған мәселелерге уақытылы ден қою және қабылданған шаралар мен бастамаларды тиімді басқару үшін көмек береді. Сондықтан осы бетте Сіздің сұрағыңызды талқылау үшін бізбен жедел байланыс орнатуға мүмкіндік беретін сервистер жинақталды. Мұнда Сіз электрондық өтініш жазуға, мемлекеттік органның бірінші басшысының блогына сұрақты жолдауға және оған немесе оның орынбасарына жеке қабылдауға жазыла аласыз.
Жиі қойылатын сұрақтар
Барлығын көруЖыл сайын жергілікті бюджеттен тұмауға қарсы иммундау жүргізуге қаржы бөлінеді. Ағымдағы эпидемиялық маусымда 10 жылдан астам уақыт бойы қолданылып келе жатқан «Гриппол плюс» вакцинасының 165 000-нан астам дозасы сатып алынды, тұмауға қарсы иммундау Ресей, Қазақстан, Беларусь және т.б. елдерде профилактикалық егулердің ұлттық күнтізбелері шеңберінде қолданылады.
Вакцина 6 айдан асқан балаларда, жүкті әйелдерде, қарттарда, ересектерде және созылмалы соматикалық аурулармен жиі ауыратын балаларда тұмаудың алдын алуға арналған. Вакцинациядан кейінгі қорғаныс әсері, әдетте 8-12 күннен кейін дамиды және 12 айға дейін сақталады.
Тұмау вирусы оңай және тез таралады. Сырқаттанған адамнан тұмау вирустары сөйлескенде, түшкіру және жөтелу кезінде сілекей түйіршіктерімен сыртқы ортада бірқатар шақырымға таралып, өзге де адамдарға жұқтыру мүмкін. Инфекция тұмау вирустарымен ластанған қолдар арқылы да берілуі мүмкін. Инфекцияның берілуін шектеу үшін, тыныс алу гигиенасы ережелерін сақтау қажет – жөтелгенде немесе түшкіргенде аузыңызды немесе мұрныңызды шынтақ қатпарымен немесе майлықпен жабыңыз.
Егер, Сіз тұмаумен сырқаттансаңыз, онда өзгелердің денсаулығына қауіп төндірмеу үшін және асқынулардың алдын алу мақсатында, үйде болыңыз. Отбасы мүшелерінінен, өзгелерден мүмкіндігінше оқшауланып, дәрігерге хабарласыңыз. Есіңізде болсын, тұмаумен өзін-өзі емдеуге жол берілмейді. Дәрігер диагноз қойып, қажетті емдеуді тағайындауы керек.
Негізгі қарсы көрсеткіштер - тауық ақуызына және вакцина компоненттеріне аллергиялық реакциялар, сондай-ақ бұрын енгізілген тұмауға қарсы вакциналарға аллергиялық реакциялар. Тұмауға қарсы егу дене қызбасы көтерілген немесе созылмалы аурулардың өршуі жағдайларда рұқсат етілмейді, вакцинацияны сауыққаннан кейін жүргізеді.
Тұмауға қарсы егуді күзде, қыркүйек – қазан айларында, яғни, тұмау мен ЖРВИ-мен сырқаттанушылықтың маусымдық өсуі басталғанға дейін алған жөн. Вакцинациядан кейін 2-3 апта ішінде тұмау вирустарына қарсы антиденелердің қорғаныс деңгейі қалыптасады, бұл аурудан 6-12 ай бойы қорғауды қамтамасыз етеді.