Онлайн қабылдау

Электрондық өтініштер

Осы сервистің көмегімен кез келген мемлекеттік органға өтініш жазуға болады. Жүйе Сіздің өтінішіңіздің мекен жайға жетуіне 100% кепілдік береді және оны жіберу кезеңінен бастап жауапты алуға дейін өтінішті қарау мәртебесін қадағалауға мүмкіндік береді.

Қабылдауға жазылу

Сіз тізімде көрсетілген мемлекеттік қызметшілердің жеке қабылдауына жазыла аласыз. «Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулықпен танысуды ұсынамыз

Халықпен кері байланыс орнату, анықталған мәселелерге уақытылы ден қою және қабылданған шаралар мен бастамаларды тиімді басқару үшін көмек береді. Сондықтан осы бетте Сіздің сұрағыңызды талқылау үшін бізбен жедел байланыс орнатуға мүмкіндік беретін сервистер жинақталды. Мұнда Сіз электрондық өтініш жазуға, мемлекеттік органның бірінші басшысының блогына сұрақты жолдауға және оған немесе оның орынбасарына жеке қабылдауға жазыла аласыз.

Жиі қойылатын сұрақтар

Барлығын көру

Бүгінде көптеген адамдар өз денсаулығына ұқыпты қарайды және түрлі аурулардың алдын алу мақсатында тағамға биологиялық белсенді қоспалар (ББҚ) қабылдайды. Алайда, адам бұл мәселеге саналы түрде қарауы керек және ең алдымен оған тағамдық қоспалар қажет пе? Ол үшін тұтынушы тиісті анализдерден өтіп, белгілі бір дәрумендердің, минералдардың немесе басқа заттардың қажеттілігін анықтауы керек.

Бүгінгі күні сатушылар мен жарнама таратушылар адамдарды жаңылыстырады, ББҚ ауруларды емдеу мақсатында емес, ағзаға қажетті кейбір қарапайым тағамды дәрумендер мен минералдармен байыту және толықтыру үшін қолданылады. ББҚ қолдану кейбір жағдайда қауіпті екенін түсіну маңызды.

ББҚ жарнамалауға қойылатын талаптар 27.10.2020 ж. № ҚР ДСМ-160/2020 ережелерімен реттеледі. Осыған байланысты кәсіпкерлік субъектілері мен жарнама таратушылар осы Ережелерге сәйкес ББҚ сату бойынша жарнаманы орналастыру ережелерін сақтауы керек. Осы Ережелерге сәйкес ББҚ жарнамалау кезінде өнім атауын, сауда маркасын, оның құрамын, өнімді қолдануға арналған негізгі көрсеткіштер мен ұсыныстарды, жанама әсерлері мен қарсы көрсетілімдерін, балаларға, жүкті әйелдерге қатысты ерекше нұсқауларды, сондай-ақ ана сүтімен емізу кезінде көрсетумен қатар, олардың сапасы мен қауіпсіздігін куәландыратын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің болуын көрсету қажет.

Жарнама арқылы  ББҚ сатып алғанда, сақ болыңыз, сатушыдан өнімнің қауіпсіздігін растайтын құжаттарды талап етіңіз немесе Еуразиялық экономикалық комиссияның ресми сайтында орналастырылған мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің www.eurasiancommission.org. бірыңғай тізілімінде мемлекеттік тіркеудің болуын тексеріп алыңыз.

Жалпы, ББҚ қабылдауға саналы түрде қарауыңыз керек, кімге және қашан қажет екенін түсіну керек, сонда ғана ББҚ пайда әкеледі.