Құрылым
"Тараз химиялық паркі» Арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясы "АҚ
«Тараз Химиялық паркі» арнайы экономикалық аймағы Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 13 қараша №426 «Тараз Химиялық паркі» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Жарлығына сәйкес құрылды. АЭА қызметінің негізгі мақсаты Қазақстан Республикасында қазіргі күнгі, экологиялық қауіпсіз технологияларды қолдана отырып құны жоғары химиялық өнімдердің жаңа өндірісін қалыптастыру».
«Тараз Химиялық пракі» АЭА қызмет көрсету мерзімі – 2037 жылғы дейін
«Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы» РМК
«Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы» РМК 1993 жылы 22 шілдедегі № 642 Қазақстан Республикасы Министрлер кабинетінің қаулысымен және 1993 жылғы 21 қаңтардағы № 1090 Президент үкіміне сәйкес ғылымды ұйымдастыру және республиканың ғылыми-техникалық әлеуетін дамыту мақсатында құрылған.
«Ұлттық технологиялық болжау орталығы» ШЖҚ РМК
«ҰТБО» РМК-ның қызмет мақсаты отандық және шетелдік ғылым мен техниканың ең жаңа жетістіктер бойынша ақпараттық-талдамалық қамтамасыздандыру, дамудың басым бағыттары бойынша инновациялық технологиялар мен әзірлемелерді трансферттеу болып табылады.
«Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты» («Қазақэнергиясараптама») АҚ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 қарашадағы №1294 Қаулысы арқылы «Қазақэнергиясараптама» АҚ атауын ауыстыру жолымен «Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты» АҚ құрылып, ол осы саладағы индустриялық-инновацилық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын жүзеге асыруға құзіретке ие электр энергетикасы мен энергия үнемдеуді дамытудың ұлттық салалық институтына айналды.
«Жезқазғансирекмет» РМК
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 28 қырқүйекте қабылданған №1292 қаулысына және Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлікті басқару бойынша Мемлекеттік Комитетінің 1995 жылғы 4 қазанда қабылданған №278 қаулысына сәйкес, шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын – «Жезқазғансирекмет» құрылды.