Құрылым

Атырау қаласының әкімдігі

Атырау қаласы әкімінің аппараты тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында мемлекеттік басқарудың міндеттерін орындауға және бақылау жасауға уәкілетті жергілікті атқарушы органның (әкімдіктің) және әкімнің қызметін қамтамасыз етеді.

Толығырақ

Телефон:

27-10-18

Электрондық пошта:

akimat_atyrau@atyrau.gov.kz

Индер ауданының әкімдігі

Индер ауданы-Атырау облысының солтүстігінде, Каспий маңы ойпатының ортасында, Жайық өзенінің екі жағалауында орналасқан. Алып жатқан жер аумағы 10,9 мың км2 шамасында.

Аудан аумағы солтүстіктен оңтүстікке қарай 95 км, батыстан шығысқа қарай ендік бағытта 210 км құрайды. Ауданды бөліп тұрған Жайық өзенінің батыс жағы негізінен жазық-құмды шөл, ал шығыс үстірті болып келеді.

Орталығы-Индербор кенті. Құрамында 1 кенттік, 6 ауылдық әкімшілік округ және оларға іргелес 13 ауыл бар.

Толығырақ

Жылыой ауданының әкімдігі

Аудан әкімі – Қаражанов Жұмабек Байрақбайұлы, қызметін 2022 жылдың маусым айынан бастап атқарады.

Аудан 1928 жылы құрылды, аумағы – 29,3 мың шаршы шақырым.

2022 жылғы 1 қазанға ауданның халық саны – 86 118 адам.

Аудан құрамына 1 қала, 1 кент, 5 ауылдық округ кіреді.

Толығырақ

Исатай ауданының әкімдігі

Исатай ауданы 1928 жылы негізі қаланған, аумағы 14,7 мың шақырым.

Халық саны - 27,9 мың адам

Аудан құрамына 7 ауылдық округ, 16 ауылдық елді мекен кіреді.

Толығырақ

Телефон:

8 (71231) 2-01-73

Электрондық пошта:

n.musin@atyrau.gov.kz

Мақат ауданының әкімдігі

Мақат ауданы-Атырау облысының орталық аумағының әкімшілік бөлігі. 1924 жылы құрылған.  Халық саны 29 590 адам (2023). Құрамында 2 кент және 1 ауылдық округ бар. Орталығы-Мақат кенті.

 

Толығырақ

Махамбет ауданының әкімдігі

Махамбет ауданы — Атырау облысының орталық бөлігінде орналасқан аудан. Орталығы - Махамбет ауылы. Ауданға 9 ауылдық округ, 21 елді мекен қарайды.

Құрылған уақыты 1928 жыл.

Тұрғындар саны 29 218 адам.

Жер аумағы 9,6 мың км².

Аудан жері Атырау қаласының іргесінен басталып, солтүстікке қарай Жайық өзенінің екі жақ бетіне орналасқан. Жер бедері тегіс және теңіз деңгейінен 9 м-ден (солтүстігінде) 27 м-ге (оңтүстігінде) дейін төмен. Жайық өзенінің оң жағасымен Каспий теңізінің солтүстігіндегі жіңішке өңірді қызғылт қоңыр топырақты, басым бөлігін сортаңды сұр топырақты және Жамансор деп аталатын сор жерлер алып жатыр.

Толығырақ

Атырау облысы, Құрманғазы ауданының әкімдігі

Атырау облысының Құрманғазы ауданы 1928 жылы құрылды. Шығысында Исатай ауданымен, солтүстік және солтүстік батысында Батыс Қазақстан облысымен, Оңтүстік және құбыла батысында Ресей Федерациясының Астрахань облысы аудандарымен шектеседі. Атырау қаласынан солтүстік-батысқа қарай 250 км жерде орналасқан. Ауданның ¼ бөлігін сулы – нулы аймақ алып жатса, ¾ бөлігі шөлейтті қырлы болып келеді.

Аудан орталығы – Құрманғазы ауылы. Ауданның аумағы - 2 086 066 гектар.

Аудан құрамында 19 ауылдық округ, 49 елді мекен бар.

Халқының саны – 59811 адамды құрайды.

Құрманғазы ауданы әкімінің аппараты тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында мемлекеттік басқарудың міндеттерін орындауға және бақылау жасауға уәкілетті жергілікті атқарушы органның (әкімдіктің) және әкімнің қызметін қамтамасыз етеді.

Толығырақ

Қызылқоға ауданының әкімдігі

Қызылқоға ауданы 1944 жылы құрылды, жалпы көлемі 2488423 га.

Халық саны - 31710 адам.

Құрамында 10 ауылдық округ, 26 елді мекен бар. 

Толығырақ