АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Жыл басынан бері БЖЗҚ салымшыларына 16,5 миллионнан астам қызмет көрсетілді Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2022 жылдың басынан бері салымшылар мен алушыларға 16,5 миллионнан астам қызмет көрсетті. Оның ішінде 11,3 млн-нан астам операция электрондық форматта, 4 млн-нан астамы – автоматты түрде жүргізілді. Осылайша, қазақстандықтар зейнетақы қызметтерінің 93% қашықтан алды.