Жалпы ақпарат

Бисембиев Н.О.
Бисембиев Нұрсұлтан Орақұлы

Құрманғазы ауданының әкімі

Әкімдік туралы

Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің миссиясы: аудан әкімі мен әкімдігінің тиімді және ұдайы қызметін қамтамасыз ету

Міндеттері:

1) аудан әкімі мен әкімдігінің қызметін ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету;

2) аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың қызметін үйлестіру;

3) облыс әкімі Аппаратымен, аудандық мәслихатпен, құқық қорғау органдарымен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, қоғамдық ұйымдармен және азаматтармен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету, ауданның барлық жергілікті атқарушы органдарының лауазымды тұлғаларының келісілген іс-қимылдарын қамтамасыз ету;

4) Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, Премьер-Министрінің, облыс әкімдігі мен әкімінің, оның орынбасарларының

және аппарат басшысының актілері мен тапсырмаларын орындау барысындағы жергілікті атқарушы органдардың өзара жауаптылығын белгілеу;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Аппаратқа жүктелген өзге де міндеттерді орындау болап табылады.

Ережені жүктеу

Қызмет бағыты