2027 жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тізімі

Қосымша №1

№

Бюджеттік бағдарлама әкімшісінің атауы

Әлеуметтік жобаның атауы

Жоспарланған сома (мың теңге)

Жобадан күтілетін нәтиже, оның ішінде әлеуметтік әсері

1

2611260

Атырау облысы Білім беру басқармасы

«Ұрпағыңмен мың жаса!» жобасы

25 000,0

Балаларды тәрбиелеу процесіне тартылғаната-аналардың үлесін арттыру. Отбасы институтын нығайту жөніндегі шаралармен халықты қамту. Жауапты ата-ана болу идеясын ілгерілету. Ата-аналарды тәрбие үрдісіне белсенді атсалысуына ынталандыратын ортаны қалыптастыру. Білім беру жүйесінде оқушыларды адамгершілік және патриоттық тұрғыда тәрбиелеуге қатысатын әкелер қатарын дамыту.

2

2611260

Атырау облысы Білім беру басқармасы

«Тәлімгер профилактикасы» жобасы

76 675,0

Білім беру ұйымдарында оқушылардың тұлғалық дамуына, сондай-ақ зорлық-зомбылықтың, буллингтің және құқыққа қайшы мінез-құлықтың барлық түрінің алдын алуға бағытталған «Заң және тәртіп» қағидаты бойынша тәрбие процесін прокуратура мен полицияның бұрынғы қызметкерлерінің сүйемелдеуі арқылы қоғамдық сана мен идеологияны қалыптастыру.

 

Жарияланған күні

29 қыркүйек 2026 08:40

Жаңарту күні

29 қыркүйек 2026

Срок публичного обсуждения

29 қыркүйек 2026