Жалпы ақпарат

Әбуов М,Ә
Әбуов Марат Әлменұлы

Басқарма басшысы

Әкімдіктің басқармалары

Атырау облысы Білім беру басқармасы бастығының өкiлеттiгi:

1) өз орынбасарларының мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн айқындайды;

2) Атырау облысы Білім беру басқармасының еңбек қатынастары мәселелерi құзыретiне жатқызылған қызметкерлерiн заңнамаға сәйкес қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

3) Атырау облысы Білім беру басқармасының еңбек қатынастары мәселелерi құзыретiне жатқызылған қызметкерлерiне заңнамада белгiленген тәртiппен тәртiптiк жазалар мен көтермелеу шараларын қолданады;

4) Атырау облысы Білім беру басқармасының бұйрықтарына қол қояды, ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдарының басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

5) барлық мемлекеттiк органдар мен басқа да ұйымдарда Атырау облысы Білім беру басқармасының мүдделерін білдіреді;

6) Атырау облысы Білім беру басқармасының жұмыс регламентiн бекiтедi;

7) Атырау облысы Білім беру басқармасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдау үшiн дербес жауапты болады;

8) оның құзыретiне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешiмдер қабылдайды.

Атырау облысы Білім беру басқармасының бастығы болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

Ережені жүктеу