«ИНВЕСТ-РТ» ЖШС Ақмола облысы Бұланды ауданындағы Қара - Ағаш учаскесінде құрамында алтыны бар кендерді барлау жоспарына әсер етуге экологиялық рұқсат алуға өтінімге материалдар бойынша мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүзеге асыру үшін ашық жиналыстар нысанында қоғамдық тыңдаулар өткізудің басталғаны туралы хабарлайды. Құжаттар топтамасы: Қоршаған ортаны қорғау бөлімі (ҚОҚБ), Рұқсат етілген шығарындылар нормативтері (РЕШН), Өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасы (ӨЭББ), Қалдықтарды басқару бағдарламасы (ҚББ), Табиғатты қорғау іс-шараларының жоспары (ТҚШЖ).