Құрылым
Әкім аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі
Этика жөніндегі уәкіл-қызмет этикасы нормаларының сақталуын қамтамасыз ету және Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Этикалық кодексін бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын, сондай-ақ өз функциялары шегінде мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға консультация беретін мемлекеттік қызметші.
Этика жөніндегі уәкіл көмек көрсетеді, оның ішінде белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтау мәселелері бойынша көмек көрсетеді, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды, ұжымда өзара қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырады. Сонымен бірге, қызметшілердің құқықтары бұзылған жағдайда, ол оларды қорғауға және қалпына келтіруге бағытталған шаралар қабылдайтын болады.