Жиі қойылатын сұрақтар
Шалғайдағы мал шаруашылығын дамытуға қатысты, Елбасының берген тапсырмасына сәйкес, облыс аумағындағы жайылымдарды суландыру көздеріне түгендеу жұмыстары жүргізілді. Бүгінгі күнге шахталы және құбырлы құдықтардың 70%-тен астамы, сонымен қатар барлық су құбырлары күрделі жөндеуді қажет етеді.Су көздерін қайта қалпына келтіру ісі «Агробизнес-2020» бағдарламасының аясында жүзеге асырылып жатыр. Жайылымдық мал шаруашылығын дамыту шығындарының, оның ішінде суару көздерін салу немесе жаңғырту, су көтеру құрылғыларын орнату, күн панелдері мен автоматты суару жүйелерін енгізу шараларын, мемлекет тарапынан 80 процентке дейін субсидиялау қарастырылған. Облыс әкімдігі шалғайдағы мал шаруашылығын дамыту мақсатында 2014 жылдан 2020 жылға дейін жайылымдарды суландыруға 746,3 млн.теңге субсидия бөлді. 850 құдық салынды, 446,6 мың гектар жайылым қамтылды.Ағымдағы жылы 31 құдық салынып, осы мақсаттарға 175 млн.теңге субсидия қарастырылған.
Ең алдымен тұрғылықты мекен-жайы бойынша бейінді мамандарға диспансерлік есепке тұру керек. Денсаулық сақтау басқармасы квота беру үшін тізім жасайды. Емделмейтін бедеулік немесе басқа әдістерге қарағанда жасанды жолмен ұрықтану мүмкіндігі жоғары деген көрсеткіштері барлар тізімге ене алады. ТМККК шеңберінде жасанды жолмен ұрықтандыруға репродуктивті жастағы соматикалық, эндокринді жағдайы жақсы, соның ішінде аналық жасушалар қоры нормаға сай пациенттер жіберіледі.
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды (МӘМС) іске асыру басталды. МӘМС жүйесі жарна мөлшеріне қарамастан, барлық сақтандырылған адамдардың қызметтер пакетіне тең қолжетімділігіне негізделген. Бұл ретте МӘМС бойынша көмек алу үшін жүгінген кезде пациент медициналық қызметтердің көлемі мен құнын шектемейді.
МӘМС жүйесінің қазақстандық моделі әлеуметтік бағдарланған болып табылады. Яғни, халықтың 15 жеңілдік санатындағы 11 млн-ға жуық азаматқа мемлекет жарна төлейді.
Екі пакет бар: тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі (ТМККК) және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС), оларға сәйкес адамдар медициналық көмек ала алады.
Мемлекет ТМККК шеңберінде тегін медициналық көмекке кепілдік береді. ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы № 672 қаулысына сәйкес оған келесі қызметтер кіреді:
- Жедел және кезек күттірмейтін медициналық көмек (санитариялық авиацияны, сондай-ақ елдегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына алып келетін аурулар кезінде ұтқыр бригаданың қызметтерін қоса алғанда).
- Емханаларда қызмет көрсету (кең таралған ауруларды диагностикалау, емдеу және басқару, халықтың нысаналы топтары үшін скринингтер, жүктілікті бақылау, профилактикалық егулер).
- Диагностика және емдеу:
- әлеуметтік маңызы бар аурулар (туберкулез, АИТВ және т. б.)
- созылмалы аурулар (қант диабеті, артериялық гипертензия, вирустық гепатит, ревматоидты артрит және т.б.).
- Уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен стационарды алмастыратын және стационарлық жағдайларда медициналық көмек (оның ішінде айналасындағыларға қауіп төндіретін инфекциялық немесе паразиттік аурумен ауыратын науқаспен қатынаста болған адамдарды оқшаулау кезінде).
- Мамандандырылған көмек көрсету кезінде, сондай-ақ қарсы профилактикалық егулер жүргізілетін аурулар тізбесіне сәйкес дәрілік заттармен қамтамасыз ету. Сонымен қатар, белгілі бір аурулар мен жағдайлар бойынша диспансерлік есепте тұрған азаматтардың санаттары дәрі-дәрмектерді тегін ала алады.
ТМККК шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтер бойынша толық ақпаратпен adilet.zan.kz/rus/docs/P2000000672#z56 сілтеме бойынша танысуға болады
МӘМС жүйесінде сақтандыру мәртебесі бар адамдар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакетінде медициналық көмекке кеңейтілген қолжетімділік алады.
ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 421 қаулысына сәйкес МӘМС пакетіне келесі медициналық қызметтер кіреді:
- амбулаториялық жағдайда мамандандырылған медициналық көмек, оның ішінде:
1) профилактикалық медициналық тексерулер;
2) бейінді дәрігерлердің учаскелік дәрігердің жолдамасы бойынша қабылдауы мен консультациясы;
3) бейінді мамандардың созылмалы аурулары бар адамдарды динамикалық бақылауы;
4) уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша халықтың жекелеген санаттарына шұғыл және жоспарлы нысанда стоматологиялық көмек көрсету;
5) диагностикалық қызметтер, оның ішінде зертханалық диагностика (УДЗ, рентген, КТ, МРТ).
- мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялық, стационарлық медициналық көмек (жоспарлы және шұғыл нысанда, оның ішінде тәуліктік стационардың қабылдау бөлімшесінде емдеу-диагностикалық іс-шаралар өткізу));
- медициналық оңалту.
- стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек көрсету кезінде дәрілік заттармен қамтамасыз ету. Амбулаториялық жағдайларда белгілі бір аурулары бар азаматтардың жекелеген санаттары үшін уәкілетті орган бекітетін медициналық бұйымдар тізбесіне сәйкес жүргізіледі.
МӘМС пакеті шеңберінде ұсынылатын медициналық қызметтер бойынша толық ақпаратпен сіз мына сілтеме бойынша adilet.zan.kz/rus/docs/P1900000421 таныса аласыз.
Стационарлық немесе амбулаторлық картаның бәрі қазір электронды түрде жүргізіледі. Қазір балаларда вакцинация паспорттары бар, бұл соның электрондық түрі, электрондық вакцинация паспорты (әрі қарай – ЭВП) - бұл вакцинацияның медициналық тарихы. Бұл вакцинацияланатын халықты бақылау және мониторинг жүргізу үшін денсаулық сақтау саласындағы негізгі модуль (функционалдылық). Қазіргі уақытта электрондық вакцинация паспортын әзірлеу аяқталу сатысында тұр. ЭВП медицина қызметкерлері үшін, ал пациенттер үшін - eGov Mobile мобильдік қосымшасын пайдалану арқылы денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйесінде іске асырылған.Егудің электрондық паспорты егу рәсімінен өткеннен кейін тікелей eGov Mobile мобильдік қосымшасында қолжетімді болады. ЭПВ-да азамат туралы, ол алған вакцинаның түрі, вакцинация процедурасының кезеңділігі, сондай-ақ вакцинациядан кейінгі кезеңдегі бақылау туралы ақпарат болады. ЭВП болуы қосымша артықшылықтар бермейді, ол Сіздің медициналық құжатыңыздың бір түрі.
Қазақстанда вакцинация ерікті болып табылады. ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексінің 77-бабына сәйкес кез келген медициналық рәсім, оның ішінде вакцинация егілушінің тек ақпараттандырылған келісімімен ғана жүргізіледі. Қазақстанда вакцинациядан бас тартқаны үшін әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік қарастырылмаған.
Қазіргі кездегі сандық технологияларды енгізудің бір түрі деуге болады, вакцинаның әрбір флаконына QR код берілген, сонымен бірге жеке иммундық мәртебе туралы ақпарат eGov Mobile мобильдік қосымшасы арқылы қолжетімді және ол медициналық «Ашык» қосымшасымен біріктірілген, демек ақпараттық жүйеде екпе алған адамдар туралы ақпарат болады. Бірақ егілмеген адамның құқықтарына нұқсан келтірмейді, екпе алмаған адамдарға ешқандай шектеулер болмайды.
Коронавирус инфекциясымен ауырған науқастардың тізімін жариялауға медицина қызметкерлерінің құқығы жоқ, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі» Кодексінің 77-бабының 11 тармағы, 134 бабының 4 тармағында әр бір азамат өзінің сырқаты жарияланбауына құқығы бар, және Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 321 бабының 2 тармағына сәйкес «Медицина жұмыскерінiң кәсiптiк немесе қызметтiк қажеттiлiксіз пациенттiң сырқаты немесе медициналық куәландыру нәтижелерi туралы мәлiметтердi жария етуi, егер бұл іс-әрекет ауыр зардаптарға әкеп соқса, – белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, төрт мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір мың сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады» делінген, ол әр бір мемлекет азаматының қорғалатын құқығы.
Денсаулық сақтау министрлігі осылай жоспарлап отыр, одан да көп ексе дұрыс болар еді, өйткені халық арасында топтық немесе коллективтік иммунитет болса, адамдардың бір біріне ауруды жұқтыру қаупі төмендейді. Дүние жүзінде барлық мемлекеттер 80% халқын қамтуға әрекет жасап жатыр. Сіздер жұқпадан бас тартқанымен бәрі қарсы екен деп бұл мәселеге біржақты қарамау керек деп санаймын. Егуге ниет білдіріп жатқан адамдар саны көп, олар ең алдымен өзінің ғана қамы емес, ауыра қалсам қасымдағы туысыма, жақыныма жұғып қалмасын деген адамдар. Сондықтан коронавирустың тез жұғатынын, жұқпаның қаншалықты ауыр екенін, өлім-жітімнің жоғарылығын және вакцинадан қысқа уақытта болатын жеңіл әсерді салмақтап шешім қабылдаған дұрыс болар.
Вакцина салдырғаннан кейін ауру жұқпайды, өйткені адам ағзазында екпеден кейін иммунитет пайда болды. Жалпы қандай вакцина болса да, оның ішінде коронавирусқа қарсы вакцинаға екпе алғандардың 90% -да иммунитет пайда болады, қалған 10% иммунитеті төмен немесе ағзаның ерекшеліктеріне байланысты мүлде болмауы мүмкін, сондай адамдар ауруды жұқтырып алуы мүмкін.
Әлеуметтік сауалнама жүргізілген жоқ, өйткені халықтың басына осындай жағдай туындап тұрғанда, жұқпадан құтылудың жалғыз жолы вакцина екені ежелгі заманнан белгілі, мысалы осы вакциналардың арқасында шешек ауруы біржолата жойылды, қызылша, қызамық, күл, полиомиелит, оба, сібір жарасы, туляремия сияқты аурулар жоқтың қасы. Сонымен бірге көптеген мемлекеттер халық арасында сауалнама жүргізбей ақ вакцина әзірлеуге кірісті, осы кезде дүниежүзінде коронавирусқа қарсы 160 астам вакцина түрлері жасалуда.