Жиі қойылатын сұрақтар
Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 48-бабына сәйкес, мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалға алу құқығын беру сауда-саттықта (аукциондарда) жүзеге асырылады.
Сатуға арналған жер учаскесі: жер учаскесінің шекарасы айқындалғаннан; жер учаскесінің нысаналы мақсаты және оның кадастрлық (бағалау) құны анықталғаннан; сауда-саттық (аукциондар) өткізу туралы шешім қабылданғаннан; сауда-саттық (аукциондар) өткізу туралы хабарлама жарияланғаннан кейін сауда-саттыққа (аукционға) шығарылады.
Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сатушы ретінде жергілікті атқарушы орган өкілдік етеді.
Жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалға алу құқығын сату жөніндегі сауда-саттық (аукциондар) орталық уәкілетті орган айқындаған тәртіппен мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында электрондық түрде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында хабарлама жарияланған күннен бастап, сауда-саттыққа қатысу туралы өтінім беру арқылы коммерциялық мақсаттағы жер учаскесін алу мүмкіндігіңіз бар.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 6 мамырдағы № 248 «Жер заңнамасының кейбір нормаларын қолдануға мораторий енгізу туралы» Жарлығына сәйкес 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін мемлекеттік меншіктегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін жеке және заңды тұлғаларға жеке меншік құқығымен беру уақытша тоқтатылды.
Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 97-бабына сәйкес, жеке және заңды тұлғаларға ауыл шаруашылығы өндірісін, шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін берілген жер учаскелерінде және жеке қосалқы шаруашылықтың далалық телімдерінде ауыл шаруашылығын, оның ішінде аквакультураны жүргізумен байланысты емес нысандарды, соның ішінде тұрғын үйлерді (жеке тұрғын үйлерді қоса алғанда) салуға жол берілмейді.
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 81-бабына сәйкес жер пайдалану құқығы мынадай негіздер бойынша тоқтатылады:
- Учаске берілген мерзімнің аяқталуы;
- Жер учаскесі кепілде тұрған жағдайларды қоспағанда, жер учаскесін жалдау шартының немесе уақытша өтеусіз жер пайдалану шартының мерзімінен бұрын тоқтатылуы;
- Жер пайдаланушыға қызметтік жер телімі берілуіне негіз болған еңбек қатынастарының тоқтатылуы (осы Кодекстің 41-бабы);
- Жер пайдаланудың алғашқы бес жылдық мерзімі ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерден тұрақты тұрғылықты жерін ауыстыру.
Жер учаскесі пайдалы қазбаларды өндіру, жер қойнауы кеңістігін пайдалану немесе кен іздеушілік мақсаттар үшін тиісті жер қойнауын пайдалануға арналған лицензиялардың немесе жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың негізінде уақытша өтеулі жер пайдалану құқығымен беріледі.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері жергілікті атқарушы органдар ұйымдастыратын конкурстар арқылы беріледі.
Өтінімге конкурстық ұсыныс қоса тіркеледі, онда бизнес-жоспар, жерді пайдалану міндеттемелері және заң талаптарын сақтау бойынша шаралар көрсетілуі тиіс.
Жер учаскесін алу үшін азаматтар электрондық үкімет порталы (eGov.kz) арқылы кезекке тұруы қажет.
Жер телімдері инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген, арнайы дайындалған алаңдардан беріледі.
Бұл алаңдар елді мекеннің бас жоспары немесе егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына сәйкес бөлінеді.
Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту тәртібі Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 49-1-бабымен реттелген.
Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге мүдделі жеке және заңды тұлғалар жер учаскесі орналасқан жер бойынша жергілікті атқарушы органға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қағаз жеткізгіште не «электрондық үкімет» веб-порталы немесе Мемлекеттік корпорация арқылы өтініш береді.
Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешім осы Жер кодексінің 43-бабының 2-тармағына сәйкес құрылатын комиссияның қорытындысы негізінде қабылданады.
Мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскелерін шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін беру Жер кодексінің 43-1-бабында белгіленген тәртіппен конкурс негізінде жүзеге асырылады.
Жергілікті атқарушы орган жер учаскелерінің тізбесін дайындайды және хабарландыруды қалыптастырады.
Жергілікті атқарушы органдар шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарламаны тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында, сондай-ақ жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында жариялауды жүзеге асырады.
Бұқаралық ақпарат құралдарында конкурсқа шығарылатын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің тізбесі жарияланған күннен бастап, Қазақстан Республикасының азаматтары конкурсқа қатысу үшін өтінім берулеріне болады.
Ауыл шаруашылығы мақсатына арналған жер учаскелері жергілікті атқарушы органдармен ұйымдастырылған конкурстар негізінде беріледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі м.а 2015 жылғы 27 наурыздағы № 255 бұйрығымен бекітілген жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелеріне құқық беру қағидаларының 28-тармағына сәйкес комиссияның қорытындысы шыққаннан кейін Қазақстан Республикасы азаматтарының және оралмандардың өтініштері арнайы есепке қойылып, бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар болған жағдайда кезегіне қарай қанағаттандырылады.
Жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін берілетін алаңдар елдi мекеннiң егжей-тегжейлi жоспарлау жобасына немесе бас жоспарына сәйкес бөлінеді.
Бұдан бөлек, жер заңнамаларында жер учаскелерінің бөліну кезінде жеңілдіктер қарастырылмаған және кезекте тұрған азаматтардың құқығы тең болып саналады.