Құрылым
Ұйғыр ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтер мониторингі және ақпараттық технологиялар бөлімі
Бөлімше жұмысына басшылық жасау, бөлімше қызметкерлері арасында функционалдық міндеттерді бөлу, бөлімшеге жүктелген міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету. Аудан әкімі аппаратының, дербес бөлімдердің, ауылдық округ әкімі аппараттарының жұмыс жоспарларының орындалуын бақылау. Аудан әкімі өткізетін аппараттық жиындардың, аудан әкімі қатысатын жиындарды, оған қатысты құжаттарды дайындау. Аудан әкімі аппаратының жұмыс жоспарын, әкімдік мәжілісінде қаралатын мәселелердің жоспарын жасау. Әкімдіктің отырыстарының құжаттарын дайындау, өткізуді ұйымдастыру. Барлық деңгейдегі әкімдердің халық алдындағы есебін ұйымдастыру, дайындау. Бөлімге тиісті есептерді өткізу. Сайлауға қатысты жұмыстарды ұйымдастыру. Аудан әкімінің сайтымен жұмыс.
Бөлім басшысы:
Устембай Өмірсерік ЫқыласұлыТелефон:
8-(72778)-2-17-39Электрондық пошта:
o.ustembai@almobl.gov.kzҰйғыр ауданы әкімі аппаратының персоналды басқарудың бірыңғай қызметі бөлімі
Бөлімше жұмысына басшылық жасау. Біліктілік талаптарын жасау, өзгерістер енгізу. Бірыңғай конкурстық комиссияның, стаж есептеу комиссиясының, тәртіптік комиссияның, персоналды жыл сайын бағалау комиссиясының жұмысын үйлестіру. Мемлекеттік қызметшілердің жеке істерін, еңбек кітапшаларын жасақтау, жүргізу. Кадр жөнінде статистикалық есептер жасау. Мемлекеттік қызметшілер туралы электронды база жасақтау. Аудан әкімі аппаратындағы мемлекеттік қызметшілердің және техникалық қызмет көрсететін мамандардың жеке құрам жөніндегі өкімдерін әзірлеу, броньмен жұмыс. Ішкі еңбек тәртібін қадағалау. Мемлекеттік қызметшілерді біліктілігін арттыру және қайта даярлау курстарына жіберу жұмыстарын ұйымдастыру. Аудан әкімі аппараты қызметкерлері арасындағы лауазымдық нұсқаулықтарды жасау. Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарға әдістемелік көмек көрсету. Наградамен жұмыс. Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарға әдістемелік көмек көрсету.
Бөлім басшысы:
Молдакенова Майра МурадәліқызыТелефон:
8(72778)24577Электрондық пошта:
m.moldakenova@zhetysu.gov.kzҰйғыр ауданы әкімі аппаратының жалпы бөлімі
Бөлімшенің жұмысын жоспарлау және басшылық жасау. Аудан әкімі аппаратының құжаттар айналымын (электронды құжат айналымын) нормативтік құқықтық актілердің орындалуын қадағалау, қамтамасыз ету және қаржы-шаруашылық жұмысын жоспарлау, ұйымдастыру, материалдық-техникалық, шаруашылық заттармен қамтамасыз етуді ұйымдастыру, ішкі-сыртқы шаруашылық жұмыстарына басшылық жасау. Аудан әкімі аппараты және құрылымдас бөлімдерінде іс қағаздары мен құжаттардың айналымын заң талаптарына сай ұйымдастырылуын қадағалау, мерзімі белгіленген бақылауға алынған құжаттардың орындалуын бақылауда ұстау. Аудан әкімінің, әкімдігінің актілерін тіркеу, жоғарғы органдардың қаулы, шешім, өкімдерінің орындалуын бақылау, аудан әкімдігі отырысының, аппарат жиналыстарының хаттамаларын жүргізу, ведомстволық мұрағат жұмысын ұйымдастыру.
Бөлім басшысы:
Абдрахманов Ялкунжан СадирұлыТелефон:
8-(72778) 2-14-32Электрондық пошта:
ya.abdrakhmanov@almobl.gov.kzҰйғыр ауданы әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы, мемлекеттік құпияларды қорғау, терроризмге қарсы іс-қимыл және құқық бұзушылық профилактикасы бөлімі
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аудан аумағында жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс, азаматтық қорғау, терроризмге қарсы іс-қимыл, құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және орындау, мемлекеттік құпияларды қорғау, әскери есепті жүргізу, аудан әкімі мен әкімі аппаратының қызметінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету, аудан әкімі мен әкімі аппаратының мүдделерін соттарда және өзге де мемлекеттік органдарда құқықтық қамтамасыз ету және қорғау, соның ішінде ауданның аумақтық қорғаныс штабының қызметін үйлестіру және соғыс жағдайы режимін қамтамасыз ету.
Бөлім басшысы:
Жұмабеков Ілияс СейпылғазыұлыТелефон:
8(72778)2-15-32Электрондық пошта:
i.zhumabekov@almobl.gov.kz