Онлайн қабылдау
Электрондық өтініштер
Осы сервистің көмегімен кез келген мемлекеттік органға өтініш жазуға болады. Жүйе Сіздің өтінішіңіздің мекен жайға жетуіне 100% кепілдік береді және оны жіберу кезеңінен бастап жауапты алуға дейін өтінішті қарау мәртебесін қадағалауға мүмкіндік береді.
Қабылдауға жазылу
Халықпен кері байланыс орнату, анықталған мәселелерге уақытылы ден қою және қабылданған шаралар мен бастамаларды тиімді басқару үшін көмек береді. Сондықтан осы бетте Сіздің сұрағыңызды талқылау үшін бізбен жедел байланыс орнатуға мүмкіндік беретін сервистер жинақталды. Мұнда Сіз электрондық өтініш жазуға, мемлекеттік органның бірінші басшысының блогына сұрақты жолдауға және оған немесе оның орынбасарына жеке қабылдауға жазыла аласыз.
Жиі қойылатын сұрақтар
Барлығын көруБірыңғай өңірлік күнтізбе келесі жылға жергілікті атқарушы орган тарапынан әр жыл сайын желтоқсан айында бекітіледі.
|
НҚА-ға сілтеме: Қазақстан Республикасының Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Төрағасының 2014 жылғы 28 шілдедегі № 294 "Спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай күнтізбесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" бұйрығы
|
Спорттық іс-шараларды өткізу Ережесіне сәйкес дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган дене шынықтыру және спорт саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асырады, сондай-ақ облыстық, қалалық және аудандық спорттық жарыстарды (бұдан әрі-жарыстар) ұйымдастыруды жүргізеді. Жергілікті атқарушы орган Ережеге сәйкес барлық қажетті қауіпсіздік шараларын ескере отырып, жарыс жоспарын әзірлейді. Алғашқы медициналық көмек бригадасын, өртке қарсы қызметті және қоғамдық тәртіп қызметтерін ұсынады.
|
НҚА-ға сілтеме:Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 4 қарашадағы № 74 бұйрығы «Спорттық іс-шараларды өткізу қағидаларын бекіту туралы» |
Эллектронды есепті қарау тәртібі «artsport.edu.kz» ақпараттық жүйесінде автоматты режимде жүргізіледі.Ұсынылған құжаттардың толықтығы Қағидалардың 5-тармағына сәйкес тексеріледі.Электрондық есеп талаптарға сәйкес келген жағдайда, өнім берушіге көрсетілген қызметтері үшін ақы төлеу осы Қағидалардың 10-тармағының 1) тармақшасында көзделген мерзімдерде ай сайын жүргізіледі.
НҚА-ға сілтеме: Балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларын жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 27 сәуірдегі № 121 бұйрығы
Бірыңғай күнтізбеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу республикалық немесе өңірлік аккредиттелген спорт федерацияларының, сондай-ақ дене шынықтыру-спорт ұйымдарының өтініш хаты бойынша іске асырылады. Спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай күнтізбесін қалыптастыру қағидасындағы 1-қосымша негізінде күнтізбеге өзгерістер мен толықтырулар дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органның бұйрығымен енгізіледі.
|
НҚА-ға сілтеме: Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Төрағасының 2014 жылғы 28 шілдедегі № 294 бұйрығы |
Мемлекеттік спорттық тапсырыс бойынша спорт секциясына тегін қатысу үшін Сізге «artsport.edu.kz» сілтемесі арқылы ақпараттық жүйеге тіркелу қажет. Тіркелгеннен кейін Сізге балаға арналған ваучер беріледі.
|
НҚА-ға сілтеме: Балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларында мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастыру және олардың жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралыҚазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 27 сәуірдегі № 120 бұйрығы. |