Құрылым

Арнаулы әлеуметтік қызметтерді үйлестіру бөлімі

Басқалардың көмегіне мұқтаж қарттарға, ардагерлер, соғыс және еңбек мүгедектеріне, мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік-тұрмыстық қызмет көрсетуді ұйымдастырады;

«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мүгедектерге қажетті кресло-арбалардың, таяқтардың, балдақтардың, тифло және сурдоқұралдардың, протезді-ортопедиялық көмек түрлерінің және санаторлы-курорттық емделудің техникалық мінездемесінің дайындалуын қадағалайды;

Мүгедектерді оңалтуды және оларды қажетті техникалық көмекші және арнаулы қозғалыс құралдарымен қамтамасыз ету, санаторлы-курорттық емделу жұмыстарын үйлестіреді;

Протезді - ортопедиялық көмекпен және техникалық көмекші құралдармен қамтамасыз ету жұмыстарын ұйымдастырады;

«Е-Собес» деректер қорымен жұмыс жасауды ұйымдастырады

Толығырақ

Халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік көмек және әлеуметтік әріптестік бөлімі

Халықты жұмыспен қамту бөлімі

«Халықты жұмыспен қамту туралы» ҚР-ның Заңына сәйкес халықты жұмыспен қамтудың мемлекеттік саясатын жүзеге асырады;

Халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ететін іс-шараларды әзірлейтін және жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіреді;

Жұмыспен қамту бағдарламасын іске асыруға бөлінген қаржының мақсатты пайдаланылуын үйлестіреді,

Жыл сайын «Халықты жұмыспен қамтуға ықпал жасау жөніндегі кешенді жоспарын әзірлейді;

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдардламасын жүзеге асыру жұмыстарын үйлестіреді

Толығырақ

Мемлекеттік қызметтер бөлімі

Ішкі еңбек рыногын қорғау және әлеуметтік әріптестік бөлімінің басты міндеті: шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беруде ішкі еңбек рыногын қорғау жөніндегі шараларды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты жүргізу.

Бөлімнің басты функциялары:

  • халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға алдағы жылға (жылдарға) шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны қалыптастыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға өтінімдерді енгізеді;
  • халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бөлген квота шегінде не квотадан тыс корпоративішілік ауыстыру шеңберінде тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беруді және (немесе) ұзартуды, сондай-ақ көрсетілген рұқсаттарды тоқтата тұруды және кері қайтарып алуды жүзеге асырады;
  • Алматы облысының әкімдігі, жұмыскерлердің облыстық бірлестіктері және Алматы облысының Кәсіпкерлер палатасы арасындағы Үшжақты келісім бойынша шараларды жүзеге асырады.
  • жұмыскерлердің облыстық бірлестіктері және Алматы облысының Кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, өңірлік келісімдерді бекітуге қатысады;
  • Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі аймақтық комиссияның отырысын өткізуді ұйымдастырады.
Толығырақ