Жиі қойылатын сұрақтар
Иә. Жоба бекітілгенге дейін азаматтардың өз ескертулері мен ұсыныстарын білдіру мүмкіндігі қарастырылған.
Елді мекендерді дамыту және салу жөніндегі қала құрылысы жобалары бекітілгенге дейін жеке және заңды тұлғалардың талқылауларға қатысуға, жеке және қоғамдық мүдделерге қатысты қабылданатын шешімдерге өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныстар беруге құқығы бар.
Жеке және заңды тұлғалар қоғамдық талқылауға шығарылатын жобалар бойынша уәжді ескертулер мен ұсыныстарды қағаз немесе цифрлық түрде қоғамдық талқылаулар басталатын күнге дейін кемінде үш жұмыс күнінен кешіктірмей жергілікті атқарушы органға жолдайды.
Мысал: Қала тұрғыны балалар алаңын сақтау үшін құрылыс жоспарына өзгеріс енгізу туралы ұсынысын әкімдікке жібереді.
Мақсаты: Құрылыс аумағын жоспарлау кезінде азаматтардың пікірін ескеру және жеке әрі қоғамдық мүдделерді қорғау.
Жоқ, себебі Құрылыс кодексіне сәйкес бекітілген бас жоспар жаңа бас жоспар бекітілгенге дейін қолданылады.
Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту бойынша мемлекеттік қызметті жер учаскесі орналасқан жердегі жергілікті атқарушы орган көрсетеді.
ЖАО қоғамдық талқылаулар туралы ақпаратты өзінің ресми интернет-ресурстарында, сондай-ақ жеке және заңды тұлғаларға қолжетімді орындарда орналастырады.
Жеке және заңды тұлғаларды қоршаған ортаның және өмір сүру жағдайының жай-күйі, оның болжамды өзгерістері, жоспарланып отырған сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы ақпараттандыруды аудандардың (қалалардың) жергілікті атқарушы органдары бұқаралық ақпарат құралдары, оның ішінде жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсы арқылы, сондай-ақ қала құрылысы жобаларын экспозициялар және (немесе) көрмелер арқылы қоғамдық талқылаулар өткізу жолымен жүзеге асырады.
Мысал: Акимат газетте, интернет-ресурсында және теледидарда қаланың жаңа бас жоспарын талқылау туралы хабарландыру орналастырып, тұрғындарды өз ұсыныстарын білдіруге шақырады.
Мақсаты: халықты ақпараттандыру және аумақты жоспарлау кезінде азаматтардың пікірін ескеру.
Бас жоспарды жергілікті мәслихат және Қазақстан Үкіметі бекітеді.
Аудандық маңызы бар қалалар мен кенттердің бас жоспарларын сондай-ақ халықтың есептік саны 5 мың тұрғынға дейінгі ауылдық елді мекендерді дамыту және салу схемаларын (оңайлатылған бас жоспарларды) бекіту аудандық мәслихаттардың құзыретіне кіреді. Халықтың есептік саны 100 мың тұрғынға дейінгі облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарларының жобаларын (негізгі ережелерді қоса алғанда) бекіту облыстық мәслихаттардың құзыретіне кіреді. Халықтың есептік саны 100 мың тұрғыннан асатын республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарларының жобаларын (негізгі ережелерді қоса алғанда) бекіту ҚР Үкіметінің құзыретіне кіреді.
Мысал:
Елді мекенді дамыту және құрылыс салу бекітілген қала құрылысы жобалары негізінде жүзеге асырылады, бұл ретте аумақтың перспективалық дамуы мен жоспарлануын айқындайтын негізгі құжат — бас жоспар болып табылады.
Мақсаты:
Бас жоспарларды елді мекеннің көлеміне және маңыздылығына сәйкес тиісті деңгейде бекіту арқылы кешенді жоспарлау мен үйлестіруді қамтамасыз ету
Сәулет-жоспарлау тапсырмасысыз құрылыс салуға болмайды.
Елді мекендердің аумақтарын дамыту және салу бекітілген қала құрылысы жобалары негізінде жүзеге асырылады Елді мекенді дамытуды кешенді жоспарлауды айқындайтын негізгі қала құрылысы құжаты елді мекеннің бекітілген бас жоспары болып табылады
Мысал:
Мысалы, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі объектінің күрделілігіне және сұратылатын материалдардың түріне қарай 9-дан 17 жұмыс күніне дейін құрайды. Реконструкциялау үшін қызмет көрсету мерзімі 15 жұмыс күнін құрайды, ал дәлелді бас тарту 5 жұмыс күні ішінде беріледі.
Мақсаты:
Елді мекендерді кешенді және реттелген түрде дамыту үшін негізгі жоспарлау құжаттарын пайдалану
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 29 мамырдағы №265 бұйрығы «Құрылыс саласында құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларын бекіту туралы» — 20-тармақ, 3-қосымша, 10-тармақ.
Жоқ, себебі Құрылыс кодексіне сәйкес бекітілген бас жоспар жаңа бас жоспар бекітілгенге дейін қолданылады.
Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту — жер учаскесінің орналасқан жері бойынша жергілікті атқарушы орган көрсететін мемлекеттік қызмет.
Елді мекеннің бас жоспары немесе дамыту және салу схемасы (оңайлатылған бас жоспар) жаңа бас жоспар немесе дамыту және салу схемасы (оңайлатылған бас жоспар) бекітілгенге дейін, сондай-ақ қолданыстағы бас жоспарға немесе дамыту және салу схемасына (оңайлатылған бас жоспарға) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін бөлігінде өзгерістер енгізілгенге дейін қолданылады.
«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік қызметін жер учаскесі орналасқан жер бойынша облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері жеке және заңды тұлғаларға көрсетеді.
Мысал:
Қаланың бас жоспары жаңа бас жоспар бекітілгенге дейін қолданылады. Егер жер учаскесінің иесі оның нысаналы мақсатын өзгерткісі келсе, жер учаскесі орналасқан жердегі жергілікті атқарушы органға жүгінеді.
Мақсаты:
Жер учаскесін бас жоспарға және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дұрыс пайдалануды қамтамасыз ету.
|
Қол жеткiзiлуi заң тәртiбiмен шектелген немесе мемлекеттiк құпияларға жатқызылған ақпаратты қоспағанда, Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары өздерi мекендейтiн және тiршiлiк ететiн ортаның жай-күйi, оның сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiнде белгiленiп отырған болжамды өзгерiстерi туралы толық, уақтылы және сенiмдi ақпарат алуға құқығы бар. Жеке және заңды тұлғаларды өздерiнiң мекендейтiн және тiршiлiк ететiн ортасының жай-күйi туралы, сондай-ақ аумаққа құрылыс салу (қайта жоспарлау) жөніндегi ниеттерi туралы хабардар етудi бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе қоғамдық талқылау жүргізу, экспозициялар мен көрмелер арқылы жергілікті ayдандардың (қалалардың) атқарушы органдары жүзеге асырады. Қала құрылысы және сәулет-құрылыс құжаттамасы бекiтiлгенге дейiн жеке және заңды тұлғалардың талқылауға қатысуға, қоғамдық немесе жеке мүдделердi қозғайтын, қабылданатын шешiмдердi өзгерту жөнiнде ұсыныстар енгiзуге құқығы бар. Мемлекеттiк органдар жобаланатын объектілер, тiршiлiк ортасының және тiршiлiк ету әрекетінің жай-күйi және мемлекеттiк нормативтерге немесе бекiтiлген қала құрылысы құжаттамасына сәйкес келмейтiн, сондай-ақ қоғамдық және жеке мүдделердi тiкелей қозғайтын, оған көзделіп отырған өзгерiстер туралы анық емес ақпарат берген (қол жеткiзiлуi шектеулi санатқа жатқызылмаған сұратылған ақпаратты беруден бас тартқан) жағдайда, жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.Қала құрылысы, сәулет немесе құрылыс шешiмдерiн қабылдау кезiнде жеке және заңды тұлғалардың талқылауға қатысуы: 1) тiкелей қатысу; 2) өкілдiгi нысанында; 3) заңда тыйым салынбаған өзге де нысанда көрiнiс табады. Егер сәулет, қала құрылысы және (немесе) құрылыс қызметi осы аумақта азаматтардың, қоғамдық бiрлестiктердiң және заңды тұлғалардың мүдделерiн қозғаса, онда олардың: 1) заңдарды немесе мемлекеттiк нормативтердi бұза отырып жүзеге асырылатын объектiлердi орналастыру, жобалау, салу (реконструкциялау) немесе пайдалануға беру туралы шешiмнiң әкiмшiлiк немесе сот тәртiбiмен күшiн жоюға; 2) заңдарды немесе мемлекеттiк нормативтердi бұза отырып жүзеге асырылатын қызметке әкiмшiлiк немесе сот тәртiбiмен шектеу енгiзуге, тоқтата тұруға немесе тоқтатуға; 3) облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының әрекеттерiне (әрекетсіздігіне), сондай-ақ жобалар сараптамасының қорытындыларына Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауға; 4) субъектiлердiң немесе лауазымды адамдардың заңдарды немесе мемлекеттiк нормативтердi бұзуға жол беруiне байланысты азаматтардың денсаулығына және (немесе) мүлкiне келтiрiлген зиянды өтеу туралы сотқа талап қоюға; 5) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы заңдарды және мемлекеттiк нормативтердi бұзудың өзге де фактiлерi бойынша заңдарда белгiленген тәртiппен жүгiнуге құқығы бар. |
|
Меншiк иелерiнің не жер пайдаланушылардың құрылыс салу үшiн (коммуникациялар тартуды, аумақты инженерлiк дайындауды, абаттандыруды, көгалдандыруды және учаскенi жайғастырудың басқа да түрлерiн қоса алғанда), сондай-ақ ғимараттарды (құрылыстарды, құрылысжайларды) кеңейту және реконструкциялау үшін жер учаскелерiн пайдалануы тек қана Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бекiтiлген жобалау құжаттамасына сәйкес және нысаналы мақсат немесе сервитут, аумақты аймақтарға бөлу, қызыл сызықтар және құрылыс салуды реттеу сызықтары, құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту және пайдалану қағидалары сақтала отырып, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аймақ пен тыйым салынған аудан аумағында белгіленген тыйым салулар сақтала отырып жүзеге асырылуы мүмкін. Егер жер учаскесі елді мекендердің жаңа бас жоспарын бекітуге немесе бекітілген бас жоспарға не егжей-тегжейлі жоспарлау немесе оларды дамыту мен салу схемасының жобасына өзгерістер енгізуге байланысты мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға жататын болса, меншік иесі немесе жер пайдаланушы осы жер учаскесін жер учаскелері мемлекет мұқтажы үшін алып қойылғанға дейін елді мекендердің жаңа бас жоспары бекітілгенге немесе бекітілген бас жоспарға не егжей-тегжейлі жоспарлау немесе оларды дамыту мен салу схемасының жобасына өзгерістер енгізілгенге дейін қолданыста болған қала құрылысы талаптарына сәйкес нысаналы мақсаты бойынша пайдаланады. |
|
Рұқсат беру рәсімдерібойыншанормативтікқұжаттамаға2001жылғы16шілдедегі "Сәулет, қала құрылысыжәнеқұрылысқызметітуралы"ҚазақстанРеспубликасының№242Заңының68-бабы, сондай-ақ құрылыс саласындақұрылыс салуды ұйымдастыружәнерұқсат беру рәсімдеріненөтуқағидалары2015жылғы30қарашадағы№750жобаларды іске асырукезеңдерікөзделген.Объектініңқұрылысынжүзеге асыруға ниетібартапсырыс беруші ҚазақстанРеспубликасыныңжерзаңнамасынасәйкесаудандардың(қалалардың) |
|
жергілікті атқарушы органдарынан жерге тиісті құқық беру туралы шешім алуға міндетті. Тапсырыс берушіде объектіні салу үшін бекітілген егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына сәйкес жерге және функционалдық аймаққа тиісті құқық болған жағдайда аудандардың (қалалардың) жергілікті атқарушы органдарынан қосымша шешім алу талап етілмейді. Объектіде құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті жер пайдалану құқығы не жеке меншік құқығы берілген жерлерде ғана жол беріледі.Ұялы немесе спутниктік байланыс жабдығы үшін байланыс құрылыстарын, оның ішінде ұялы немесе спутниктік байланыс жабдығы үшін орын салуға жер учаскесінің нысаналы мақсатына қарамастан жер учаскесінің меншік иесімен жер учаскесін және (немесе) оның бір бөлігін жалға алу шарты болған кезде жол беріледі. https://adilet.zan.kz/kaz/docs/
|
|
Бүгінгі күні Жамбыл ауданы Мыңбаев ауылының бас жоспарын Елді мекеннің шекарасына ("Армуд 1019,1020,1021", "Оптимист", "Виктория", "Геолог", "Светличок", "Строитель", "Радуга", "Алау" және т. б.) қосып, елді мекеннің шекарасына түзету және бас аумақты түзету рәсімі басталды елді мекеннің шекарасына саяжай массивтерін ("Энергетик", "Достық", "Искер", "Армуд", "Дорожник", "Тұрар-88", "Меркурий", "Баркөл" және т.б.) қосумен Қарасай ауданының Тұрар ауылының жоспары, жұмыстардың аяқталу мерзімі ағымдағы жылдың 22 қыркүйегі. |
|
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі № 242 "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Заңының 36-тармағына сәйкес қызыл сызықтар - елді мекендердің жоспарлау құрылымындағы орамдардың, шағын аудандардың, өзге де элементтердің аумақтарын көшелерден (өтпелерден, алаңдардан) бөлетін шекаралар. Қызыл сызықтар, әдетте, құрылыс шекараларын реттеу үшін қолданылады. https://adilet.zan.kz/kaz/docs
|