Алаяқтардан сақтану шаралары

Алаяқтардан сақтану шаралары

     Құрметті ұйымдардың басшылары және жеке кәсіпкерлер!!!

     Алаяқтық жағдайларының жиілеуіне байланысты, мемлекеттік статистика органдары респонденттермен өзара іс-қимыл жасау барысында 4 таңбалы  кодтарды, SMS-хабарламалардағы растау кодтарын, жеке кабинеттердің құпиясөздерін, банк реквизитттерін және өзге де құпия ақпаратты сұратпайтынын хабарлаймыз. 

     Мемлекеттік статистика органдарының қызметкерлері өзара іс-қимылды қолданыстағы заңнама шеңберінде ғана жүзеге асырады.

     Егер Сізге растау кодын немесе өзгеде жеке деректерді хабарлауды сұраған қоңырау, хабарлама немесе хат келіп түссе, төмендегілерді сұраймыз:

  • сұратылған деректерді бермеу;
  • әңгімені тоқтату;
  • Қажет болған жағдайда ақпаратты аумақтық статистика органының ресми байланыс деректері арқылы нақтылау.

       САҚ БОЛЫҢЫЗ ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫН САҚТАҢЫЗ.

 

Жарияланған күні

27 ақпан 2026

Жаңарту күні

28 ақпан 2026

Жарияланымның авторы
Қызмет бағыты