Алматы облысы Кеген ауданының Жалаңаш ауылдық округ әкімін сайлау бойынша аумақтық сайлау округін құру туралы
24 қаңтар 2024 жыл 3
Алматы облысы Кеген ауданының Жалаңаш ауылдық округ әкімін
сайлау бойынша аумақтық сайлау округін құру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес Кеген ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Алматы облысы Кеген ауданы Жалаңаш ауылдық округінің шекарасында Кеген ауданы Жалаңаш ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша аумақтық сайлау округі құрылсын.
- Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын және Кеген ауданының аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.
Кеген ауданының аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы Е.Әлдибеков
Кеген ауданының аумақтық
сайлау комиссиясының хатшысы Е.Нұрмаманқызы
4
29 ақпан 2024 15:59
29 ақпан 2024