Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 138 қаулымен бекітілген «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларының» 8-тармағының 1), 2) тармақшаларына сәйкес 2021 жылғы сәуір айының 12-і күні сағат 11.00-де Қаскелең қаласы, Абай атындағы орта мектеп-гимназияның мәжіліс залында қала тұрғындарының жаңа көшелерге атау беру және қайта атау туралы қоғамдастық жиналысы өтіп, төмендегідей қаулы қабылдағанын хабарлайды.