Құрылым
«Іле ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ
«Алматы облысы Іле ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-сі Алматы облысы Іле ауданы аумағында жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру және жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларын ұйымдастыру мақсатында ауданның, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы құратын заңды тұлға.
Директор:
Сейдахметов Досжан Қайратұлы«Іле ауданы әкімінің аудандық кітапханасы» КММ
Кітапхана – ол тек кітап қоймасы ғана емес, ілім мен білім бұлағы кітап атаулының шоғырланған мекемесі – кітапхана адамзат баласының рухани тыныс-тіршілігінің айнасы іспетті , сонымен бірге көпшілікті оқу мәдениетіне тәрбиелеу мектебі, өзінің барша ізгі ниетті оқырмандарын терең білім қорымен сусындатып, іздегендерге ізгі бағыт көрсететін ғылыми, мәдени орта.
Іле ауданында 12 кітапхана :1- аудандық, 1- аудандық балалар, 2 ауылдық балалар , 8-ауылдық кітапхана халыққа қызмет көрсетеді.
Директор:
Бұдұғұлова Қарлығаш ТұранқызыЭлектрондық пошта:
ilibibl2004@mail.ruІле ауданы әкімінің аудандық мәдениет үйі МКҚК
Іле ауданы әкімінің 10.06.2009 жылғы №55-1029 қаулысымен бекітілген Жарғысы негізінде Кәсіпорын өзінің қызметінде ҚР Конституциясын, ҚР «Мемлекеттік кәсіпорындар туралы», «Мәдениет туралы» Заңдарын, ҚР Үкіметінің, жергілікті мемлекеттік басқару органдарының нормативтік-құқықтық актілеріне, ҚР Президентінің Мәдениет бойынша Қаулыларына байланысты мәдениет мекемелері жүйесіндегі практикалық қызметті жетілдіру, клубтар мен мәдениет үйлерінің қызметіне әдістемелік басшылықты жүзеге асыру, халыққа мәдени қызмет көрсетудің жаңа түрлері мен әдістерін әзірлеу және енгізу бойынша жұмыстарын атқарады. Халықты тұрақты түрде өзіндік шығармашылыққа тартуды қамтамасыз етеді, мәдени шараларды ұйымдастырып өткізеді.
ШЖҚ "Іле су" МКК
Іле ауданы Әкімі Аппаратының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Іле су" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны Іле ауданы Әкімінің 17.08.2017 жылғы №260 "Іле ауданының коммуналдық меншігіндегі шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарды қайта ұйымдастыру туралы" қаулысына сәйкес құрылған. (ШЖҚ МКК «Боралдай су құбыры», ШЖҚ МКК «Іле су құбыры», ШЖҚ МКК "Су құбыры және кәріз"), олардың толық құқылы мирасқоры барлық құқықтары мен міндеттеріне толық құқылы болып табылады.