Жиі қойылатын сұрақтар
Орталықтандырылған сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріне қосылу тек жеткізуші берген техникалық шарттар болған жағдайда және оның өкілінің қатысуымен жүзеге асырылады.
Өз бетінше қосылу деп мыналар танылады:
жеткізушінің рұқсатынсыз қосылу;
немесе белгіленген тәртіпті бұза отырып қосылу.
Мұндай заң бұзушылық мынадай салдарға әкеп соғады:
сумен жабдықтау және кәріз жүйелерінен ажырату;
қызметтер үшін есептік нормалар бойынша ақы есептеу;
келтірілген залалды өтеу;
әкімшілік жауапкершілік.
Мақсаты: Орталықтандырылған сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріне заңды түрде қосылу тәртібін түсіндіру.
Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалану жөніндегі жауапкершілік пайдалану жауапкершілігін бөлу шекарасы бойынша айқындалады:
жеткізушінің желілеріне қосылу нүктесіне дейін — жауапкершілік жеткізушіге жүктеледі;
қосылу нүктесінен кейін, оның ішінде ғимараттың ішкі желілері — үй-жайдың меншік иесіне немесе кондоминиумды басқару органына (басқарушы компанияға) жүктеледі.
Су есептегіштер (есепке алу аспаптары) су тұтынушының меншігі болып табылады.
Ол олардың жарамды күйін, сақталуын және пломбалардың бүтіндігін қамтамасыз етуге міндетті.
Мақсаты: Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалану кезіндегі жауапкершілік шекарасын нақты түсіндіру.
Экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында уәкілетті орган тауарлық газды және сұйытылған мұнай газын көтерме және бөлшек саудада өткізуге арналған шекті бағаларды белгілеуге құқылы. Қажет болған жағдайда бұл бағалар өңірлер бөлінісінде қайта қаралып, түзетілуі мүмкін.
Газ бағалары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгілі бір бөлігінде мемлекеттік реттеуге жатады.
Табиғи монополиялар саласына жататын қызметтер, атап айтқанда газды тасымалдау, тарату және сақтау қызметтері бойынша тарифтер Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті және оның аумақтық департаменттері арқылы мемлекеттік реттеледі.
Ал газды түпкілікті тұтынушыларға сату бағалары қызмет түріне, тұтынушылар санатына және нарықтық жағдайларға байланысты қалыптасады және барлық жағдайларда Табиғи монополияларды реттеу комитетінің тікелей реттеу нысанасына жатпайды.
Осылайша, газ саласында мемлекеттік реттеу негізінен табиғи монополия субъектілерінің тарифтеріне қолданылады.
Мақсаты: газ саласындағы мемлекеттік реттеу негізінен табиғи монополиялар субъектілерінің шекті бағалары мен тарифтеріне қолданылады, ал түпкілікті тұтынушылар үшін бағалар барлық жағдайларда тікелей реттелуге жатпайтынын түсіндіру.
Жеке тұрғын үйде газдың шығуы (ағып кетуі) анықталса, бұл – адам өмірі мен мүлікке өте қауіпті жағдай. Газ жиналып қалса, жарылыс немесе улану қаупі жоғары болады. Сондықтан нақты әрі жылдам әрекет ету қажет.
1.Газ шыққанын қалай білуге болады?
Табиғи газдың өзіне тән иісі болмайды, бірақ оған арнайы өткір иіс (шіріген жұмыртқаға ұқсас) қосылады. Белгілері:
Үй ішінде газдың өткір иісі сезіледі
Ысылдаған дыбыс (құбыр немесе шланг маңында)
Жалынның түсі өзгеруі (көгілдір емес, сарғыш болуы)
Бас айналу, жүрек айну, әлсіздік (улану белгілері)
2.Дереу атқарылатын әрекеттер
Қауіпсіздік шаралары:
Газ беруді тоқтатыңыз
Плита, қазандық, су жылытқыш крандарын жабыңыз.
Мүмкін болса, есептегіш алдындағы негізгі кранды жабыңыз.
Үйді желдетіңіз
Терезе мен есіктерді толық ашыңыз.
Желдеткіш қоспаңыз (электр ұшқын беруі мүмкін).
От көздерін қолданбаңыз
Сіріңке, оттық жақпаңыз.
Темекі шекпеңіз.
Электр құралдарын қоспаңыз және сөндірмеңіз
Жарықты жақпаңыз.
Телефонды үй ішінде пайдаланбаңыз.
Розеткаға ештеңе қоспаңыз.
Барлық адамдарды сыртқа шығарыңыз
Мақсаты: Жеке тұрғын үйде газдың ағып кетуі кезінде туындайтын қауіпті жағдай туралы ескерту және адам өмірі мен мүлкін қорғау үшін шұғыл әрі дұрыс әрекет ету тәртібін түсіндіру.
Су тұтынушы жеткізуші өкілдеріне мыналар үшін қол жеткізуді қамтамасыз етуге міндетті:
сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін қарау;
су есептегіштерін тексеру;
ағынды сулардың сынамаларын алу.
Қол жеткізілмеген жағдайда бұзушылық туралы акт жасалады.
Егер бұзушылық жойылмаса, жеткізуші су тұтынушыны алдын ала хабардар ете отырып, қызмет көрсетуді шектеуге немесе тоқтатуға құқылы.
Мақсаты: Су тұтынушының сумен жабдықтау және су бұру қызметтерін көрсететін жеткізуші өкілдеріне заңнамаға сәйкес кедергісіз қол жеткізуді қамтамасыз ету міндетін түсіндіру.
Қазақстан Республикасының «Жылумен жабдықтау туралы» Заңының 21-бабына сәйкес, көппәтерлі тұрғын үйлерде жылумен жабдықтау сапасына жауапкершілік олардың жауапкершілік аймағына қарай жылумен жабдықтаушы ұйым мен басқарушы компания (КСК, ОСИ) арасында бөлінеді.
Жылумен жабдықтаушы ұйым, әдетте көппәтерлі тұрғын үйге кіреберісіне дейінгі баланстық тиесілілік шекарасына дейін жылу энергиясын сенімді және үздіксіз жеткізуге жауапты. Оның міндеттеріне жылутасымалдағыштың белгіленген параметрлерін (температурасы, қысымы) қамтамасыз ету, жылу беру кестелерін сақтау және сыртқы жылу желілерін тиісті деңгейде пайдалану кіреді.
Өз кезегінде, басқарушы компания (КСК, ОСИ) жылу жүйесінің үйішілік инженерлік желілерінің техникалық жай-күйі мен олардың ақаусыз жұмыс істеуіне жауап береді. Оған стояктар, тарату құбырлары, жабу-реттеу арматурасы, сондай-ақ ортақ пайдаланылатын орындардағы жылу беру аспаптары жатады. Пәтерлердегі жылумен жабдықтаудың нақты сапасы көп жағдайда үйішілік желілердің жай-күйіне байланысты.
Осылайша, жылумен жабдықтауда проблемалар туындаған жағдайда (температураның жеткіліксіздігі, жылудың біркелкі таралмауы, жүйенің ауалануы) жауапты тарапты айқындау жылумен жабдықтау жүйесінің қай учаскесінде бұзушылық орын алғанына қарай жүзеге асырылады. Бұл кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жылу үшін төлемді қайта есептеуге негіз болып табылады.
Мақсаты: көппәтерлі тұрғын үйлерде жылумен жабдықтау сапасына жауапкершілікті жылумен жабдықтаушы ұйым мен басқарушы компания арасында нақты бөлу.
Қазақстан Республикасында қолданыстағы санитариялық қағидалар мен гигиеналық нормативтерге сәйкес тұрғын үй-жайларда азаматтардың денсаулығын сақтау мен жайлы тұру жағдайларын қамтамасыз етуге бағытталған белгіленген температуралық режим сақталуға тиіс.
Атап айтқанда, тұрғын бөлмелердегі ауаның температурасы +18 °C-тан төмен болмауы қажет. Сыртқы қоршау құрылымдарымен тікелей жанасуына байланысты жылу жоғалтуы жоғары болып келетін бұрыштағы бөлмелер үшін ең төменгі температураның жоғарылатылған нормативі белгіленген — +20 °C-тан төмен емес.
Аталған температуралық нормативтердің сақталуы жылумен жабдықтау қызметтерін көрсететін және тұрғын үй қорын басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар үшін міндетті болып табылады. Температураның нормативтік параметрлерінің сақталмауы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады және тұтынушылардың төлемді қайта есептеу және анықталған бұзушылықтарды жою туралы талаптармен жүгінуіне негіз бола алады.
Мақсаты: тұрғын үй-жайларда белгіленген температуралық режимді сақтау арқылы азаматтардың денсаулығын қорғау және жайлы өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ету.
Тұтынушы электр энергиясын беру тоқтатылған жағдайда және электрмен жабдықтау параметрлерінің өзге де бұзушылықтары кезінде электр энергиясы үшін төлемді қайта есептеуге құқылы.
Қазақстан Республикасының «Электр энергетикасы туралы» Заңының 24-бабына сәйкес, электрмен жабдықтаудың сапасы мен сенімділігі көрсеткіштері бұзылған жағдайда, оның ішінде электр энергиясын берудегі негізсіз үзілістер, кернеу мен жиіліктің белгіленген параметрлерінен ауытқулар орын алған кезде, тұтынушы көрсетілген қызметтер үшін төлемді қайта есептеуді талап етуге құқылы. Қайта есептеу Қазақстан Республикасының заңнамасында және электрмен жабдықтау шартында көзделген тәртіппен және шарттарда жүзеге асырылады.
Сонымен қатар, сапасыз немесе сенімсіз электрмен жабдықтау салдарынан тұтынушының мүлкіне немесе жабдықтарына залал келтірілген жағдайда, тұтынушы заңда белгіленген тәртіппен келтірілген залалды өтеуді талап етуге құқылы. Мұндай бұзушылықтар үшін жауапкершілікті өздерінің жауапкершілік аймағы шегінде электрмен жабдықтаушы және (немесе) электр желілік ұйымдар көтереді.
Мақсаты: электрмен жабдықтау сапасы мен сенімділігі бұзылған жағдайда тұтынушылардың құқықтарын қорғау, төлемді қайта есептеуді және келтірілген залалды өтеуді қамтамасыз ету арқылы электрмен жабдықтаушы және электр желілік ұйымдардың жауапкершілігін арттыру.
Қазақстан Республикасының «Табиғи монополиялар туралы» Заңының 7-бабына сәйкес, электр энергиясын беру және тарату жөніндегі қызметтер табиғи монополиялар саласына жатады және міндетті түрде мемлекеттік реттеуге жатады. Тарифтерді белгілеу, бекіту және олардың орындалуын бақылау тұтынушылардың мүдделерін қорғау, тарифтердің экономикалық тұрғыдан негізделген деңгейін қамтамасыз ету, сондай-ақ электр желілік инфрақұрылымның сенімді әрі тұрақты жұмыс істеуіне жағдай жасау мақсатында уәкілетті мемлекеттік орган арқылы жүзеге асырылады.
Тарифтерді мемлекеттік реттеу қызметтер құнының негізсіз өсуіне жол бермеуге, тариф қалыптастырудың ашықтығын қамтамасыз етуге, сондай-ақ табиғи монополия субъектілерін электр желілерін жаңғыртуға және дамытуға, негізгі қорлардың тозуын төмендетуге әрі көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға ынталандыруға бағытталған.
Мақсаты: электр энергиясын беру және тарату қызметтеріне тарифтерді мемлекеттік реттеу арқылы тұтынушылардың мүдделерін қорғау, тарифтердің экономикалық негізділігін қамтамасыз.
Қазақстан Республикасының «Электр энергетикасы туралы» Заңының 15-бабына сәйкес, электрмен жабдықтаушы және электр желілік ұйымдарға электр энергетикалық жүйенің орнықты жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөнінде міндеттер жүктеледі. Атап айтқанда, көрсетілген ұйымдар тұтынушыларды сенімді әрі үздіксіз электрмен жабдықтауды қамтамасыз етуге, электр энергиясын берудегі негізсіз үзілістерге жол бермеуге және авариялық жағдайлардың туындау тәуекелдерін барынша азайтуға міндетті.
Сонымен қатар, электрмен жабдықтаушы және электр желілік ұйымдар қолданыстағы мемлекеттік стандарттар мен нормативтік-техникалық құжаттарда айқындалған кернеу, жиілік және өзге де техникалық сипаттамаларды қоса алғанда, электр энергиясы сапасының белгіленген нормативтік көрсеткіштерін сақтауға міндетті. Аталған талаптардың сақталмауы тұтынушылардың электр жабдықтарының қалыпты жұмыс істеуінің бұзылуына, сондай-ақ жалпы энергетикалық қауіпсіздік деңгейінің төмендеуіне әкеп соғуы мүмкін
Мақсаты: Тұтынушыларды сенімді, үздіксіз әрі сапалы электр энергиясымен қамтамасыз ету мақсатында энергиямен жабдықтаушы және электр желілік ұйымдарға электр энергиясы сапасының нормативтерін сақтау ету жөнінде міндеттер жүктеу.