Жиі қойылатын сұрақтар
Егер үйдегі техника электр тогы күрт көтеріліп кеткеннен кейін бұзылып қалса, мынадай қадамдарды орындау керек:
1.Құрылғыны тексеру. Алдымен қай техника істен ш ыққанын және оның шынымен де токтың кенеттен көтерілгенінен бұзылғанын анықтап алыңыз.
2.Электр жеткізуші компанияға хабарласу. Егер себеп шынымен токтың секіруі болса, жарық беретін компанияға арыз жазу керек. Олар сол күні электр қуатының сапасында ақау болған-болмағанын тексеріп, арнайы акт береді.
3.Желіні тексеру. Компания өз желісін қарап, токтың көтерілуі немесе басқа ақаулар болғанын анықтайды. Егер расында да секіру болғаны дәлелденсе, олар себебін түсіндіруі тиіс.
4. ЖауапкершілікҚазақстан заңдарына сәйкес, егер токтың секіруі жарық беретін компанияның кінәсінен болса, онда олар бұзылған техника үшін өтемақы төлеуге міндетті. Яғни, сіз залалды өтеуді талап ете аласыз.
5.Алдын алу. Болашақта мұндай жағдай қайталанбауы үшін, кернеуден қорғайтын құрылғылар (стабилизатор, қорғаушы реле) орнату ұсынылады. Бұл техникаңызды қорғауға көмектеседі.
Егер шынында да ақау электр компаниясының кінәсінен болса, олар сіздің шығыныңызды өтеуі керек. Ал егер келіспесе, сотқа жүгінуге құқығыңыз бар.
Жауапкершілік: Заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі N 588 Заңы, тұрмыстық техниканың бұзылуына электр энергиясын жеткізуші ұйым жауапты болуы мүмкін, егер токтың секіруі олардың кінәсінен болғаны дәлелденсе. Мысалы, желідегі құрылғылардың ақаулығы немесе басқа техникалық мәселелер салдарынан. Бұл жағдайда тұтынушы залалдың орнын толтыруды талап ете алады.
Мысалы: Азамат өз үйіндегі электр желісінде кернеудің күрт көтерілгені туралы хабарлады.
Осы оқиғаның салдарынан бұған дейін дұрыс жұмыс істеп тұрған теледидар істен шықты. Сервистік орталықта тексеру жүргізу барысында, шамасы, кернеудің күрт көтерілуінен туындаған қуат көзі блогының ақауы анықталды.
Мақсаты: токтың кенет көтерілісінен тұтынушылардың техникасының зақымдануы жағдайында құқықтарын қорғау.
«АЖК» АҚ тұлғасында энергия беруші ұйымға трансформаторлық қосалқы станция берілген жағдайда мынадай тәртіппен жүзеге асырылады. Электр желілерін «АЖК» АҚ балансына қабылдау-беру Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес жүргізіледі. Трансформатор мен желілерді теңгерімге беру үшін электр желілерінің теңгерім ұстаушысы белгіленген тәртіппен Алматы қаласы, Манас көшесі, 24б мекенжайы бойынша «АЖК» АҚ кеңсесіне өтінішпен, құқық белгілейтін құжаттармен және электрмен жабдықтауға арналған Техникалық құжаттамамен жүгінеді.
«АЖК» АҚ персоналы берілетін электр желілеріне, трансформаторға тексеру жүргізеді және оларды «АЖК» АҚ балансына қабылдаудың экономикалық орындылығы белгіленеді. Берілетін электр желілерінің жай-күйі электр энергетикасы саласындағы нормативтік-техникалық құжаттардың талаптарына сәйкес келуге тиіс. Нормативтік-техникалық құжаттар сәйкес келмеген немесе желілердің және трансформаторлық қосалқы станцияның техникалық жағдайы нашар болған жағдайда энергия беруші ұйым оларды сәйкестікке келтіргенге дейін бас тартуға құқылы.
Коммуналдық меншікке берілген жағдайда келесі тәртіп бойынша жүзеге асырылады.
Сыйға тарту шарты бойынша мүлікке құқықтарды мемлекетке беру тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қыркүйектегі № 1103 қаулысымен бекітілген «сыйға тарту шарты бойынша мүлікке құқықтарды мемлекеттің сатып алу Ережесіне» сәйкес айқындалған.
Коммуналдық меншікке электр желілерін беру мәселесін қарау үшін келесі құжаттар тізбесін ұсыну қажет:
-жылжымайтын мүлікке құқықтардың (құқықтардың ауыртпалығының) туындауына негіз болып табылатын құжат;
-баланстық құн (заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер мүлкінің құны баланстан үзінді көшірмемен немесе бағалаушы жасаған бағалау туралы есеппен расталады);
-техникалық құжаттама (ТП төлқұжаты, схемалар және т.б.).
Өзге жағдайларда трансформаторлық қосалқы станция сот шешімі бойынша иесіз деп танылады, содан кейін әкімдігінің коммуналдық балансына беріледі.
Мысалы: Тиісті техникалық қызмет көрсетуді, қауіпсіз пайдалануды және уақтылы жөндеуді қамтамасыз ету мақсатында, көрсетілген трансформаторлық қосалқы станцияны ұйымыңыздың теңгеріміне беру мәселесін қарастыруыңызды сұраймын.
Меншік құқығын растайтын құжаттарды, сондай-ақ жабдықтың техникалық сипаттамалары мен оның техникалық жай-күйі туралы ақпаратты ұсыну қажет.
Беру шарттары мен рәсімі туралы, сондай-ақ процесті ресімдеуге қажетті құжаттар тізімі жөнінде мәлімет беруіңізді сұраймын.
Мақсаты:трансформаторлық қосалқы станция мен электр желілерін «АЖК» АҚ балансына немесе коммуналдық меншігіне заңға сәйкес.
Электр энергиясы үшін төлемді қайта есептеу өтініші осылай жазылады:
1. Қол қойылған өтініш – «Электр энергиясы үшін төлемді қайта есептеу» деп атаңыз.
2. Сіз туралы ақпарат – толық аты-жөніңіз, мекен-жайыңыз, есеп шотының нөмірі.
3. Негіздеме – неліктен қайта есептеу керек екенін қысқаша түсіндіріңіз (мысалы, көрсеткіш дұрыс енгізілмеген, есептеу қатесі болған).
4.Сұрау– «Төлемді қайта есептеп, артық төленген соманы қайтаруды сұраймын» деп жазыңыз.
5. Қосымша құжаттар – есепшот көшірмесі, түбіртектер немесе басқа дәлелдер болса тіркеңіз.
6. Күні мен қол– өтініштің соңында күнін жазып, қол қойыңыз.
Тұтынушы қате есептеулер анықталған жағдайда энергия жеткізуші ұйымға қайта есептеу туралы өтініш бере алады.НҚА: Қазақстан Республикасының «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңы, 12-бап «Қызметтер үшін төлемді қайта есептеу».
Мысалы: Азамат электр энергиясы үшін төлемді қайта есептеу туралы өтініш берді. Электр энергиясы үшін шотты қарау барысында есептелген сомадан қателік анықталды; нақты есептеуіш көрсеткіштері шотта көрсетілген деректерге сәйкес келмегендіктен, сома дұрыс есептелмеген болып шықты.
Мақсаты: Электр энергиясы үшін төлемде кеткен қателіктерді түзету және артық төленген соманы қайтару.
Электр энергиясының сапасы бұзылғанда (мысалы, жарық жиі өшеді, кернеу дұрыс емес):
1. Сапасыз қызметті талап ету – электр жеткізушіден ақауды тез жөндеуді сұрай алады.
2. Төлемді қайта есептеу– сапасыз қызмет үшін төлемді төмендетуді немесе қайта есептеуді талап етуге болады.
3. Шағым беру – егер мәселе шешілмесе, тұтынушы жергілікті немесе мемлекеттік бақылау органдарына шағымдана алады.
Тұтынушы сапасыз электр энергиясынан туындаған шығындарды өтеу құқығына және электр энергиясының ұзақ уақыт ажыратылуына байланысты өтемақы алу құқығына ие.НҚА: Қазақстан Республикасының «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңы № 2320 2010 жылғы 4 мамыр, 6-бап «Тұтынушылардың тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігі мен сапасына құқықтары».
Мысалы: Тұрғын электр энергиясының сапасы белгіленген техникалық нормаларға сәйкес болуын талап ете алады. ҚР ресми түсіндірмесінде желі түріне қарай номиналды кернеудің ±5% және ±10% шектері көрсетілген. Номиналды кернеу 220 В болатын желіде кернеудің тұрақты түрде төмендеуі немесе шамадан тыс жоғарылауы байқалса, тұрғын:
-кернеуді өлшеуді;
-тексеру актісін жасауды;
-ақаудың себебін анықтауды;
-желідегі бұзушылықты жоюды;
-келтірілген нақты залалды өтеу мәселесін қарауды талап ете алады.
Мақсаты: тұтынушылардың сапасыз электр энергиясынан туындаған құқықтарын қорғау, қызмет сапасының бұзылуына шағым беру, төлемді қайта есептеу және залалды өтеуді қамтамасыз ету.
Электр энергиясының сапасына шағым беру үшін:
1 Энергия жеткізушіге хабарласу – телефон, сайт немесе жеке кеңсеге барып шағым қалдыру.
2. Шағым мәтіні – аты-жөніңіз, есеп шоты, мәселенің қысқаша сипаттамасы.
3. Құжаттарды қосу – қажет болса, түбіртек, есепшот көшірмесі.
4. Жауап күту– компания мәселені тексеріп, шешім береді.
5.Шешім қабылданбаса – Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу комитетіне (ТМРК) жүгінуге болады.
Тұтынушы электр энергиясының сапасына шағымын алдымен энергия жеткізушіге бере алады. Егер мәселе шешілмесе, ТМРК-ге жүгінуге болады.
НҚА: «Электр энергетикасы туралы» Заңы, 10-бап.
Мысалы: Азамат электр энергиясымен жабдықтау сапасының төмендігіне шағым түсірді.
1. Шағымды тіркеу – өтінішті қабылдап, тіркеу.
2. Тексеру жүргізу – электр желісі мен кернеу деңгейін өлшеу.
3. Себебін анықтау – ауытқулардың пайда болу себептерін тексеру.
4. Ақауларды жою – қажетті жөндеу жұмыстарын жүргізу.
5. Қайта бақылау – кернеу сапасын қайта өлшеу.
6. Жауап беру – азаматқа тексеру нәтижелері туралы хабарлау.
Электрмен жабдықтау сапасын қалпына келтіріп, тұрмыстық құрылғылардың зақымдануын болдырмау мақсатында алдын алды.
Мақсаты: тұтынушыларға сапасыз электр энергиясы мәселесі бойынша шағымдану тәртібін қамтамасыз ету, мәселені шешуге мүмкіндік беру және заңнамаға сәйкес құқықтарын қорғау.
Егер үйдегі техника электр тогы күрт көтеріліп кеткеннен кейін бұзылып қалса, мынадай қадамдарды орындау керек:
1.Құрылғыны тексеру. Алдымен қай техника істен ш ыққанын және оның шынымен де токтың кенеттен көтерілгенінен бұзылғанын анықтап алыңыз.
2.Электр жеткізуші компанияға хабарласу. Егер себеп шынымен токтың секіруі болса, жарық беретін компанияға арыз жазу керек. Олар сол күні электр қуатының сапасында ақау болған-болмағанын тексеріп, арнайы акт береді.
3.Желіні тексеру. Компания өз желісін қарап, токтың көтерілуі немесе басқа ақаулар болғанын анықтайды. Егер расында да секіру болғаны дәлелденсе, олар себебін түсіндіруі тиіс.
-
Жауапкершілік Қазақстан заңдарына сәйкес, егер токтың секіруі жарық беретін компанияның кінәсінен болса, онда олар бұзылған техника үшін өтемақы төлеуге міндетті. Яғни, сіз залалды өтеуді талап ете аласыз.
5.Алдын алу. Болашақта мұндай жағдай қайталанбауы үшін, кернеуден қорғайтын құрылғылар (стабилизатор, қорғаушы реле) орнату ұсынылады. Бұл техникаңызды қорғауға көмектеседі.
Егер шынында да ақау электр компаниясының кінәсінен болса, олар сіздің шығыныңызды өтеуі керек. Ал егер келіспесе, сотқа жүгінуге құқығыңыз бар.
Жауапкершілік: Заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі N 588 Заңы, тұрмыстық техниканың бұзылуына электр энергиясын жеткізуші ұйым жауапты болуы мүмкін, егер токтың секіруі олардың кінәсінен болғаны дәлелденсе. Мысалы, желідегі құрылғылардың ақаулығы немесе басқа техникалық мәселелер салдарынан. Бұл жағдайда тұтынушы залалдың орнын толтыруды талап ете алады.
Мақсаты: токтың кенет көтерілісінен тұтынушылардың техникасының зақымдануы жағдайында құқықтарын қорғау.
Қазақстан Республикасының «Жылумен жабдықтау туралы» Заңының 21-бабына сәйкес, көппәтерлі тұрғын үйлерде жылумен жабдықтау сапасына жауапкершілік олардың жауапкершілік аймағына қарай жылумен жабдықтаушы ұйым мен басқарушы компания (КСК, ОСИ) арасында бөлінеді.
Жылумен жабдықтаушы ұйым, әдетте көппәтерлі тұрғын үйге кіреберісіне дейінгі баланстық тиесілілік шекарасына дейін жылу энергиясын сенімді және үздіксіз жеткізуге жауапты. Оның міндеттеріне жылутасымалдағыштың белгіленген параметрлерін (температурасы, қысымы) қамтамасыз ету, жылу беру кестелерін сақтау және сыртқы жылу желілерін тиісті деңгейде пайдалану кіреді.
Өз кезегінде, басқарушы компания (КСК, ОСИ) жылу жүйесінің үйішілік инженерлік желілерінің техникалық жай-күйі мен олардың ақаусыз жұмыс істеуіне жауап береді. Оған стояктар, тарату құбырлары, жабу-реттеу арматурасы, сондай-ақ ортақ пайдаланылатын орындардағы жылу беру аспаптары жатады. Пәтерлердегі жылумен жабдықтаудың нақты сапасы көп жағдайда үйішілік желілердің жай-күйіне байланысты.
Осылайша, жылумен жабдықтауда проблемалар туындаған жағдайда (температураның жеткіліксіздігі, жылудың біркелкі таралмауы, жүйенің ауалануы) жауапты тарапты айқындау жылумен жабдықтау жүйесінің қай учаскесінде бұзушылық орын алғанына қарай жүзеге асырылады. Бұл кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жылу үшін төлемді қайта есептеуге негіз болып табылады.
Мақсаты: көппәтерлі тұрғын үйлерде жылумен жабдықтау сапасына жауапкершілікті жылумен жабдықтаушы ұйым мен басқарушы компания арасында нақты бөлу.
Қазақстан Республикасында қолданыстағы санитариялық қағидалар мен гигиеналық нормативтерге сәйкес тұрғын үй-жайларда азаматтардың денсаулығын сақтау мен жайлы тұру жағдайларын қамтамасыз етуге бағытталған белгіленген температуралық режим сақталуға тиіс.
Атап айтқанда, тұрғын бөлмелердегі ауаның температурасы +18 °C-тан төмен болмауы қажет. Сыртқы қоршау құрылымдарымен тікелей жанасуына байланысты жылу жоғалтуы жоғары болып келетін бұрыштағы бөлмелер үшін ең төменгі температураның жоғарылатылған нормативі белгіленген — +20 °C-тан төмен емес.
Аталған температуралық нормативтердің сақталуы жылумен жабдықтау қызметтерін көрсететін және тұрғын үй қорын басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар үшін міндетті болып табылады. Температураның нормативтік параметрлерінің сақталмауы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады және тұтынушылардың төлемді қайта есептеу және анықталған бұзушылықтарды жою туралы талаптармен жүгінуіне негіз бола алады.
Мақсаты: тұрғын үй-жайларда белгіленген температуралық режимді сақтау арқылы азаматтардың денсаулығын қорғау және жайлы өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ету.
Тұтынушы электр энергиясын беру тоқтатылған жағдайда және электрмен жабдықтау параметрлерінің өзге де бұзушылықтары кезінде электр энергиясы үшін төлемді қайта есептеуге құқылы.
Қазақстан Республикасының «Электр энергетикасы туралы» Заңының 24-бабына сәйкес, электрмен жабдықтаудың сапасы мен сенімділігі көрсеткіштері бұзылған жағдайда, оның ішінде электр энергиясын берудегі негізсіз үзілістер, кернеу мен жиіліктің белгіленген параметрлерінен ауытқулар орын алған кезде, тұтынушы көрсетілген қызметтер үшін төлемді қайта есептеуді талап етуге құқылы. Қайта есептеу Қазақстан Республикасының заңнамасында және электрмен жабдықтау шартында көзделген тәртіппен және шарттарда жүзеге асырылады.
Сонымен қатар, сапасыз немесе сенімсіз электрмен жабдықтау салдарынан тұтынушының мүлкіне немесе жабдықтарына залал келтірілген жағдайда, тұтынушы заңда белгіленген тәртіппен келтірілген залалды өтеуді талап етуге құқылы. Мұндай бұзушылықтар үшін жауапкершілікті өздерінің жауапкершілік аймағы шегінде электрмен жабдықтаушы және (немесе) электр желілік ұйымдар көтереді.
Мақсаты: электрмен жабдықтау сапасы мен сенімділігі бұзылған жағдайда тұтынушылардың құқықтарын қорғау, төлемді қайта есептеуді және келтірілген залалды өтеуді қамтамасыз ету арқылы электрмен жабдықтаушы және электр желілік ұйымдардың жауапкершілігін арттыру.
Қазақстан Республикасының «Табиғи монополиялар туралы» Заңының 7-бабына сәйкес, электр энергиясын беру және тарату жөніндегі қызметтер табиғи монополиялар саласына жатады және міндетті түрде мемлекеттік реттеуге жатады. Тарифтерді белгілеу, бекіту және олардың орындалуын бақылау тұтынушылардың мүдделерін қорғау, тарифтердің экономикалық тұрғыдан негізделген деңгейін қамтамасыз ету, сондай-ақ электр желілік инфрақұрылымның сенімді әрі тұрақты жұмыс істеуіне жағдай жасау мақсатында уәкілетті мемлекеттік орган арқылы жүзеге асырылады.
Тарифтерді мемлекеттік реттеу қызметтер құнының негізсіз өсуіне жол бермеуге, тариф қалыптастырудың ашықтығын қамтамасыз етуге, сондай-ақ табиғи монополия субъектілерін электр желілерін жаңғыртуға және дамытуға, негізгі қорлардың тозуын төмендетуге әрі көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға ынталандыруға бағытталған.
Мақсаты: электр энергиясын беру және тарату қызметтеріне тарифтерді мемлекеттік реттеу арқылы тұтынушылардың мүдделерін қорғау, тарифтердің экономикалық негізділігін қамтамасыз.