Энергетика

Энергетика

ЖАҢАРТЫЛАТЫН ЭНЕРГИЯ КӨЗДЕРІН ДАМЫТУ

2024 жылы Жамбыл ауданында қуаттылығы 3 МВт болатын су электр станциясы (ГЭС) салынып, пайдалануға берілді. Жалпы инвестиция көлемі 1,9 млрд теңгені құрады және 5 тұрақты жұмыс орны ашылды. Электр энергиясы тапшылығын жабу мақсатында 2024 жылы жаңартылатын энергия көздерін (ЖЭК) салу бойынша екі аукцион өткізілді.

Бірінші аукцион — Қонаев қаласында қуаттылығы 100 МВт болатын күн электр станциясын (КЭС) салуға арналды. Аукцион нәтижесі бойынша жеңімпаз ретінде «Дамона» ЖШС анықталды. Нысанды салу жұмыстарын 2026 жылы аяқтау жоспарланған.

Екінші аукцион — Жамбыл ауданында қуаттылығы 20 МВт болатын КЭС салуға өткізілді. Бұл аукционда жеңімпаз болып «Dala Solar» ЖШС танылды. Қазіргі таңда жобалық-сметалық құжаттамалар әзірлену үстінде. Құрылыс жұмыстарының аяқталуы 2026 жылға жоспарланған.

Бұдан бөлек, Энергетика министрлігінің 2025 жылға арналған аукциондық сауда-саттық кестесіне Қонаев қаласында қуаттылығы жалпы 40 МВт болатын екі күн электр станциясының жобасы қосылды.

Жалпы, Алматы облысы жаңартылатын энергия көздері нысандарын салуға қолайлы аймақ болып табылады және көптеген инвесторларды тартып отыр. 2023-2024 жылдары жалпы қуаттылығы 1400 МВт болатын ЖЭК жобаларын іске асыруға және 1 трлн теңгеден астам инвестиция тартуға ниетті 20-ға жуық әлеуетті инвестордан өтінім түсті. 

Жаңалықтар

Барлық жаңалық

Оқиғалар күнтізбесі

Барлық оқиға

Жиі қойылатын сұрақтар

Барлығын көру

Қазақстан Республикасының «Табиғи монополиялар туралы» Заңының 7-бабына сәйкес, электр энергиясын беру және тарату жөніндегі қызметтер табиғи монополиялар саласына жатады және міндетті түрде мемлекеттік реттеуге жатады. Тарифтерді белгілеу, бекіту және олардың орындалуын бақылау тұтынушылардың мүдделерін қорғау, тарифтердің экономикалық тұрғыдан негізделген деңгейін қамтамасыз ету, сондай-ақ электр желілік инфрақұрылымның сенімді әрі тұрақты жұмыс істеуіне жағдай жасау мақсатында уәкілетті мемлекеттік орган арқылы жүзеге асырылады.

Тарифтерді мемлекеттік реттеу қызметтер құнының негізсіз өсуіне жол бермеуге, тариф қалыптастырудың ашықтығын қамтамасыз етуге, сондай-ақ табиғи монополия субъектілерін электр желілерін жаңғыртуға және дамытуға, негізгі қорлардың тозуын төмендетуге әрі көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға ынталандыруға бағытталған.

 Мақсаты: электр энергиясын беру және тарату қызметтеріне тарифтерді мемлекеттік реттеу арқылы тұтынушылардың мүдделерін қорғау, тарифтердің экономикалық негізділігін қамтамасыз.