Онлайн қабылдау
Электрондық өтініштер
Осы сервистің көмегімен кез келген мемлекеттік органға өтініш жазуға болады. Жүйе Сіздің өтінішіңіздің мекен жайға жетуіне 100% кепілдік береді және оны жіберу кезеңінен бастап жауапты алуға дейін өтінішті қарау мәртебесін қадағалауға мүмкіндік береді.
Халықпен кері байланыс орнату, анықталған мәселелерге уақытылы ден қою және қабылданған шаралар мен бастамаларды тиімді басқару үшін көмек береді. Сондықтан осы бетте Сіздің сұрағыңызды талқылау үшін бізбен жедел байланыс орнатуға мүмкіндік беретін сервистер жинақталды. Мұнда Сіз электрондық өтініш жазуға, мемлекеттік органның бірінші басшысының блогына сұрақты жолдауға және оған немесе оның орынбасарына жеке қабылдауға жазыла аласыз.
Жиі қойылатын сұрақтар
Барлығын көруҚазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі № 360-VI ҚРЗ "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексінің 81-бабына сәйкес жүкті әйелдер жүктіліктің он екі аптасына дейін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызмет көрсету үшін тіркелген жерінде медициналық тіркеуге тұруға және жүктілік кезінде, босану кезінде және босанғаннан кейін дәрігердің ұсынымдарын орындауға міндетті.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрінің 2020 жылғы 18 қарашадағы № ҚР ДСМ-198/2020 "Уақытша еңбекке жарамсыздықты тексеру және уақытша еңбекке жарамсыздық парағын немесе анықтамасын беру ережелерін бекіту туралы" бұйрығына сәйкес Уақытша еңбекке жарамсыздық парағы емдеуге жатқызылған жағдайда - ауруханаға жатқызылған күнінен бастап, амбулаториялық жағдайда - тіркелген жері бойынша (басқа қаладан келген адам - емдеу орны бойынша) амбулаториялық көмек көрсететін медициналық ұйымда, жарақат бөліміне және жедел жәрдем қызметіне қабылданған күні көрсетілген медициналық ұйымдарға тіркелгенін растайтын анықтамалар негізінде беріледі. Басқа қаладан келген адам, көрсеткіштер болған жағдайда уақытша еңбекке жарамсыздық парағын алуға құқығы бар.
Егер адам Алматы қаласында тіркелген болса, алайда Алматы облысында тұрса, онда Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2024 жылғы 9 қыркүйектегі № 677 "Халықты тіркеу ережелерін бекіту туралы" бұйрығына сәйкес тұрғылықты жері өзгерген кезде, жаңа тұрғылықты жеріне келген күннен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде уақытша тұру үшін уәкілетті органға құжат тапсырады.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 13 қарашадағы № ҚР ДСМ-194/2020 "Жеке тұлғаларды бастапқы медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына бекіту ережелерін бекіту туралы" бұйрығына сәйкес ТМККК шеңберінде МСАК көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына жеке тұлғаларды бекіту медициналық ұйымды еркін таңдау құқығы бойынша жақын маңдағы әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында орналасқан МСАК ұйымына бекітілетін шекара маңындағы аумақтарда тұратын адамдарды қоспағанда, бір әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде МСАК ұйымын еркін таңдау құқығы ескеріле отырып, тұрақты немесе уақытша тұратын жері бойынша жүзеге асырылады.
Жоғарыда көрсетілген ережелерге сәйкес, азамат тұрғылықты жеріңіздің емханасына өз бетінше немесе «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы өтініш беру арқылы тіркеле алады.
Орфандық аурумен ауыратын науқастар жергілікті бюджет қаражаты есебінен және «Қазақстан халқына» Қоры арқылы қамтамасыз етіледі :
Тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелерін реттеу.
Қазақстанда дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелерін реттеу ҚР ДСМ 2021 жылғы 31 желтоқсандағы № КР ДСМ -142 «Орфандық аурулар мен оларды емдеуге арналған дәрілік заттардың (орфандық) тізбесін бекіту туралы» бұйрығы шеңберінде жүзеге асырылады .
Препаратты жоспарлау
Орфандық аурулары бар пациенттерді тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде халықты тегін дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету үшін медициналық ұйым диспансерлік науқастарды ескере отырып, қажетті дәрілік заттарға өтінім қалыптастырады және түзету енгізілгеннен кейін денсаулық сақтау басқармасына жібереді.
Бақылау және тексеру.
Сатып алу жүргізілгеннен кейін МФҚБК бақылауын жүзеге асыратын медициналық ұйымдар бойынша дәрілік заттарды жеткізу жүзеге асырылады , барлық нормалар мен стандарттардың сақталуын тексеруді, сондай-ақ ұсынылатын дәрілік заттардың сапасын бақылауды жүргізеді.
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарға және (немесе) медициналық бұйымдарға шекті бағалар мен үстеме бағаларды қалыптастыру "дәрілік заттың халықаралық патенттелмеген атауына немесе медициналық көмектің техникалық сипаттамасына шекті бағаларды бекіту туралы" ҚР ДСМ 2021 жылғы 4 қыркүйектегі №КР ДСМ -96 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады. тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберіндегі және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі бұйымдар
Бақылау және тексеру.
МФҚБК бақылауын жүзеге асыратындар барлық нормалардың сақталуына тексеру жүргізеді.